«Электронды атқару құжаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының № 2 сотында 2016 жылдың маусым айының он бесінші жұлдызында «Электронды атқару құжаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.   

Дөңгелек үстелге судья Д.Алиев, кеңсе меңгерушісі Ұ.Шабарова, сот қызметкерлері, «ТОО Logitex»-тің маманы Ж.Жұбанышов, Қызылорда қаласының әкімшілік айыппұлды өндіру бойынша аумақтық бөлімінің сот орындаушысы Д.Шушаева, жеке сот орындаушы Ә.Мырзатайұлы, «ЗК-169/5 мекемесі» РММ-нің заңгері С.Абдирасилов және экономист Ж.Караманов, С.Ким, «ЗК-169/1 мекемесі» ММ-нен экономист М.Смайлова, Қылмыстық - атқару  жүйесі комитетінің Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті  РММ-нің  заң  тобының  бас  маманы Б.Әбдиев қатысты.

Кеңсе меңгерушісі өз баяндамасында ҚР Әділет министрлігі ҚР Жоғарғы Сотымен бірлесіп атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі мен «Төрелік» сот органдарының ақпараттық арасындағы интеграциялық өзара іс-қимылы шеңберінде 2016 жылдың наурыз айының 16-жұлдызынан бастап атқарушылық құжаттарды соттардан электрондық форматта алу жүзеге асырылғанын айта келе, жеке сот орындаушыларға жолданған электронды атқару құжаты көптеген жағдайларда  тіркелмей  сотқа  кері  қайтарылып  отырғанын, қазіргі уақытта  жолданған электронды атқару құжаттары жеке сот орындаушыларымен тіркелгені жөнінде «Төрелік» АЖ-де хабар түсіп отырғанын  айтып  өтті.

Дөңгелек  үстелге  қатысушылар  пікірлерімен  алмасып,  аталған тақырып бойынша өзге де мәселелер туралы өзара талқылады. 

Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі

 

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі