Архив событий

09/06/2016

Қылмыстық сотта террористік қауіптіліктің сары деңгейі белгіленуіне байланысты түсіндірме жүргізілді

09/06/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы С.Б.Сүлеймен және Мамандандырылған «Күзет» қызметі басқармасы өкілдерінің қатысуымен террористік қауіптіліктің сары деңгейі белгіленуіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Сот саласында мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында брифинг

09/06/2016

Шиелі  аудандық  сотында  «Сот  саласында мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында  брифинг  өтті.

Брифингке   аудандық  соты  кеңсе  меңгеруші  М.Жусупбекова мен жергілікті  «Шарайна-Сейхун»  газетінің  тілшісі  Б.Елтаева  қатысты.

Шара  барысында  кеңсе  меңгеруші   М.Жусупбекова  аудандық  сотында  мемлекеттік  тілдің  қолданылуы  туралы  мәлімет  берді.

Қылмыстық сотта семинар сабағы өткізілді

09/06/2016

2016 жылдың 3 маусым күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының қағидаттары. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар жұмысын сот төрағасы С.Сүлеймен ашып, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаеваға сөз кезегін берді.

Ашық есік күні

09/06/2016

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды  құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Шиелі  аудандық  соты  2016-жылдың 16-маусым  сағ.10.00-12.00-де   аудандық  сотының  мәжіліс  залында «Ашық  есік  күні»  өткізіледі.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс медиция тәртібімен қысқартылды

09/06/2016

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен айыпталған Т-ның  қылмыстық ісі қаралып, медиация тәртібімен қысқартылды.

Сотталушы Т. 2016 жылдың сәуір айының 27 күні өзінің жұмыс істейтін «Арал балық зауыты» ЖШС-не жұмысқа барып, киім ауыстыратын бөлменің терезесінің алдында тұрған Е-ның «Самсунг» маркалы ұялы телефонын жасырын ұрлап алып, жәбірленуші Е-ге 49 000 теңгеге шығын келтірген.

Пәтерін көрінеу жезөкшелікпен айналысу үшін ұсынған

09/06/2016

Құқық бұзушы Б. Қызылорда қаласы, Абай даңғылы бойында орналасқан пәтерін көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін ұсынып, ҚР ӘҚБтК-ң 450-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған. 

Құқық бұзушы Б. ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, үй-жайлар ұсыну қызметін үш айға тоқтата тұрып, оған 100  айлық есептік көрсеткіш көлемінде 212100 теңге айыппұл  салынды.

«Төрелік» ақпараттық жүйесімен азаматтық істер бойынша есептік-тіркеу кәртішкесін толтыру тәртібі талқыланды

09/06/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен 2016 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс жоспарына сәйкес, «Төрелік» ақпараттық жүйесімен азаматтық істер бойынша есептік-тіркеу кәртішкесін толтыру тәртібі»  тақырыбында оқып үйрену сабағы  өтті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

09/06/2016

Жаңақорған аудандық сотымен құқық бұзушы Б-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-тің 127-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Б-ның ұлы И. Жаңақорған аграрлық техникалық колледжінің 1 курс студенті бола тұра, 2016 жылдың мамыр айының 02-сі мен 16-сы аралығында дәлелсіз себептермен сабаққа бармаған, яғни Б-ның кәмелекетке толмаған баласын оқыту жөніндегі міндеттерін орындамай ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.