Архив событий

29/06/2016

Қызылорда қалалық №2 соты журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

29/06/2016

Қызылорда қалалық № 2 сотында 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай БАҚ өкілдеріне құрмет көрсету мақсатында мерекелік іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға сот төрағасы мен судьялары және Қызылорда қоғамдық телеарнасының бас редакторы Б.Құлтанова, Қазақстан-Қызылорда телеарнасының тілшісі Б.Есқалиев, «Сыр бойы» газетінің тілшісі Б.Бердібаев, «Ел тілегі» газетінің тілшісі Ж.Дүйсенбайқызы, сондай-ақ Қызылорда облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің мамандары қатысты.

2016 жылғы 29 маусымда өткізілген комиссия отырысының шешімі

29/06/2016

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің төмендегі лауазымдарына ішкі конкурс жариялансын:

1.Қызылорда қалалық соты кеңсесінің бас маман сот мәжілісінің хатшысы  (С-R-4, уақытша бос);

2.Шиелі аудандық соты кеңсесінің бас маман сот мәжілісінің хатшысы  (С-R-4, уақытша бос); 

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің төмендегі лауазымдарына жалпы конкурс жариялансын:

1.Қызылорда  қалалық соты кеңсесінің жетекші маманы, 3 орын (С-R-5);

«Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

29/06/2016

2016 жылдың 29 маусымында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы»  тақырыбында семинар сабағы өткізілді. 

Семинар сабағын кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы ашып, сөз кезегін соттың бас маманы Қ.Задаевқа берді. 

Сот актілерінің орындалуы туралы дөңгелек үстел өткізілді

29/06/2016

Шиелі аудандық сотында аумақтық сот орындаушы К.Акимбаев, жеке сот орындаушылар С.Шайжанов, Т.Баймағанбет және сот мамандарының қатысуларымен "Сот актілерінің орындалуы" тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстелде сот актілерінің ұзақ уақыт орындалмауының себептері, мемлекет пайдасына өндіруге жататын сот актілерді орындаудың маңыздылығы, орындау кезінде кездесетін қиындықтар, сот актілерін орындауда  бірлесе  жұмыс  жасаудың  тиімділігі  жөнінде  сөз  өрбіді.

Жасаған қылмысы үшін жауаптылықтан құтылмайды

29/06/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 3 тармағымен (кінәлі адамға  дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамды өлтіру), 188-бабының 1-бөлігімен (бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) айыпталған 37 жастағы сотталушы Б.Куздыбаевқа қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.

Әкесін балағаттап әкімшілік қамауға алынды

29/06/2016

24 маусым 2016 жылы Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі мен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Сотта анықталғандай құқық бұзушы Б., алкогольден масаң күйде, әкесінің үйінде, әкесі жәбірленуші Е-ге  ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдірген.

Сот отырысында құқық бұзушы Б. кінәсін мойындамай, әкесіне былапыт сөйлемегенін айтты.