Архив событий

07/06/2016

Ювеналды сотының кеңсе меңгерушісі сот орындаушылармен өткен шараға қатысты

07/06/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі М.Асанова Қызылорда облысының мемлекеттік және жеке сот орындаушыларымен өткен шараға қатысты.

Қаладағы және аудандағы барлық мемлекеттік және жеке сот орындаушылар  қатысқан шарада алимент төлемдерін өндірудегі туындап отырған қиыншылықтар, алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді жауапкершілікке тарту мәселелері және соттарымен орындауға жолданылған атқару парақтарын орынсыз кері қайтару мәселелері талқыланды.

«Сот кабинеті» функционалымен жұмыс жасау тәртібі түсіндірілді

07/06/2016

Қызылорда қалалық сотының кеңсе қызметкерлері Қызылорда қоғамдық теледидарының тілшілеріне «Сот кабинеті» функционалын пайдалану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Былтырғы жылдан бастап  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының порталында «Сот кабинеті» функционалы қолданысқа енгізілгендігі, аталған жүйе бойынша тез,  жұмыс орныныңнан шықпай-ақ сот орагандарына құжаттар, талап қою арыздарын, басқа да өтінімдер беруге болатындығы атап көрсетілді.

Дау тараптардың татуласу келісімімен шешілді

07/06/2016

Талапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «С» шаруа қожалығынан бұрын алынған 18 509 850 теңге ақшалай қаражатты мәжбүрлеп қайтарып алу және сотқа төленген 555 295 теңге мемлекеттік бажды өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар өзара татуласу келісіміне келіп, соттан оны бекітуді сұрады.

ҚР АПК-нің 277-бабының 5-тармағына  сәйкес, сот егер тараптар татуласу келісімін жасасса және сот оны бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

Сотталушының өтінішхаты қанағаттандырылды

07/06/2016

Шиелі аудандық сотымен жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен  ауыстыру  туралы  өтінішхаты  қаралды.

Жамбыл облысы Қордай аудандық сотының 17.11.2015 жылғы үкімімен сотталушы И. Қазақстан республикасы  ҚК-нің  345-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік  құралын  басқару  құқығынан  айыра  отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыруға,  жазасын  қоныс  колониясында  өтеуге  жаза тағайындалған.

Әкімшілік іс қаралды

07/06/2016

6 маусым 2016 жылы Сырдария аудандық сотымен азаматша С.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127 бабы 1 бөлімі (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сонымен, іс материалдары бойынша, кәмелетке толмаған ұлы себепсіз 10 күн сабаққа бармағанына байланысты С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған

07/06/2016

Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматы Т. Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, ішкі істер органдарына уақытша тіркеуге тұрып, пайда табу мақсатында Жүнісов көшесіндегі  үйде құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген.

Құқық бұзушы Т.Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1  тәулікке  әкімшілік қамаққа алынды.

Сотпен әкелігі анықталды

07/06/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жаңадан қосылған «әкелікті анықтау және алимент өндіру» санаты бойынша жыл басынан бері 33 талап арыз түскен, оның барлығы өндіріске алынып, 23-і бойынша шешім қабылданып, 21 қанағаттандырылса, 2 –і қанағаттандырудан бас тартылған. Аяқталған 23 азаматтық істің 14-не сот молекулярлы-генетикалық сараптамасы тағайындалса, қалғандары жауапкерлердің талапты мойындауы бойынша аяқталған.

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

07/06/2016

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді. Брифинг судья Б.Жаңабаевтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілінің қатысуымен өткізілді.

Төрағалық етуші судья Б.Жаңабаев өз өндірісіндегі қаралған қылмыстық ісі жөнінде баяндады.

Сот залында қылмыстық іс қаралды

07/06/2016

20 мамыр 2016 жылы Жаңақорған аудандық сотында ҚР ҚК 346 бабы 1 бөлігі бойынша айыпталған А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А. 05 қыркүйек 2014 жылы Жаңақорған аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танып, ол бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

«Электронды үкімет порталы арқылы сотқа арыз беру тәртібі» тақырыбында семинар өтті

07/06/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Электронды үкімет порталы арқылы сотқа арыз беру тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысына ювеналды соттың судьясы Қ.Бержанов, прокурор Л.Сариева, білім басқармасының өкілі А.Ахметова, кеңсе меңгерушісі және кеңсе мамандары қатысты.

Аңшы мылтығын заңсыз иеленіп, алып жүрген

07/06/2016

Құқық  бұзушы  М. Амангелді ауылының маңында, ішкі істер органдарында тіркелмеген аңшы мылтығын заңсыз иеленіп, алып жүргені үшін Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Оңай олжаға кенелгісі келген

07/06/2016

Арал аудандық сотында 1 маусым 2016 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен сотталушы М-ның қылмыстық ісі қаралды.

Қызылорда қалалық сотында салтанатты отырыс өтті

07/06/2016

Қызылорда қалалық сотында мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты отырыс өтті. Салтанатты отырыста Қызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі А.Кульманова рәміздері күнімен құттықтай отырып, еліміздің Тәуелсіздік алған жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі сот жүйесінің жетістіктеріне қысқаша тоқталды.

1992 жылдың 4 маусымы еліміздің тарихында рәміздерінің туған күні ретінде аталып өтетіндігін, мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің негізгі белгілері екендігін айтты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

07/06/2016

Құқық бұзушы Ж. 08 мамыр 2016 жылы сағат 10:00 шамасында, Жаңақорған кенті, А.Мұхамеджанұлы көшесінің бойында, яғни қоғамдық орында екі қап күл-қоқыс салынған коммуналдық қалдықтарды тастап, ортақ пайдалану орындарын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. Осы әрекеттерімен ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Ж. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Қайыршылық жасаумен айналысқан

07/06/2016

Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматшасы Д.  Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, ішкі істер органдарына уақытша тіркеуге тұрып, Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі бойында қайыршылық жасаумен айналысып жүрген жерінен ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Құқық бұзушы  Д.  ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарылды.

Сотпен айыппұл түріндегі әкімшілік жаза салынды

07/06/2016

Шиелі аудандық  сотында Қазақстан  Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен  қозғалған  азаматша  Д-ға  қатысты  әкімшілік  ісі  қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша Д.  Шиелі кенті сапаржайында, қоғамдық орында айналасындағы  адамдарға  құрметтемеушілік танытып, қоғамдық орынды ластаған және қоғамдық  тәртіпті  бұзған.

Х а б а р л а н д ы р у

07/06/2016

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары: 8 (7242) 55-12-08, 55-12-09, факс: 55-12-03, e-mail:
724-0200@sud.kz, «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды: