Архив событий

17/06/2016

Арал аудандық соты брифинг өткізді

17/06/2016

Жуырда Арал аудандық сотында әкімшілік іс бойынша брифинг өтті. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингті, Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен қаралған К-ның әкімшілік ісі бойынша мәлімет берді.

Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

17/06/2016

16 маусым 2016 жылы Шиелі аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында  «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында аудандық сот төрағасы М.Еркінбеков меншік құқығын тану туралы талап арыз беру туралы  мәселесімен азаматша А.Құрмантаева жүгінді.

Шараның қорытындысы бойынша келуші А.Құрмантаеваның  сұрақтарына толықтай жауаптар берілді.

Сотта «Сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

17/06/2016

2016 жылдың 15 маусым күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сотты құрметтемеушілік үшін жауапкершілік шаралары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, судья А.Сабыров, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева,  прокурор  Ж.Нурашев және сот қызметкерлері қатысты.

Аудандық сотта үкіметтік емес ұйым өкілдерімен семинар өтті

17/06/2016

Жалағаш аудандық сотында биылдан бастап қолданысқа енгізілген «Азаматтық процессуалдық кодексінің» жекелеген нормаларына қатысты семинар өткізілді.

Шараға төрағалық етуші аудандық сот төрағасы А.А.Мизанбаев сот судьясы Т.Темірбаев,  сот қызметкерлерімен қатар аудандық прокуратура, «Қазпошта», «Қазақтелеком» АҚ-нің аудандық филиалының, «Жалағаш ауыз су» КМК, «Халық Банкі» АҚ-ның аудандық филиалының, КМФ банкінің аудандық филиалының өкілдері және аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі қатысты.

Байқоңыр қалалық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

17/06/2016

16 маусым 2016 жылы Байқоңыр қалалық сотында «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел отырысына Төретам мен Ақай әкімшіліктерінің ішкі саясат бөлімі және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

17/06/2016

2016 жылдың 17 маусымында Қызылорда облыстық соты төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қалалық сотының судьясы К.А.Садуақасова қабылдады.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Қылмыстық сотта «Террористік акт қаупі орын алуы кезіндегі іс-әрекеттер және қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

17/06/2016

2016 жылдың 16 маусым күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Террористік акт қаупі орын алуы кезіндегі іс-әрекеттер және қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, Қызылорда облыстық прокуратурасының прокуроры Е.Құттыбаев,  үкіметтік емес ұйымдар мен (ҮЕҰ) БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін, заң талаптары түсіндірілді

17/06/2016

Құқық бұзушы кәмелетке толмаған Б. Қызылорда қаласы, «Арай» мөлтек ауданы, Абдразақов көшесі бойында орналасқан  кафе  алдында сусын ішкен пластикалық стаканды жерге тастап, айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекетті жасаған.

Құқық бұзушы кәмелетке толмаған Б. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол ҚР ӘҚБтК-нің 68-бабының талабына сәйкес әкімшілік жауаптылықтан босатылып, ӘҚБтК-нің 69-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес, тәрбиелік ықпал ету шаралары ретінде заң талаптары түсіндірілді.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

17/06/2016

Сырдария аудандық сотымен ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 1), 2), 3) тармақтарымен  қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша, сотталушылар М. және Н. мал ұрлығын жасап, жәбірленушілерге мүліктік залал келтірген.

Сот отырысында сотталушылар жәбірленушілермен медиатор арқылы өзара татуласып, қылмыспен келтірген залалды толық өндіріп, сот отырысына дейін тараптар медиатордың көмегіне жүгініп, істі медиация тәртібімен қысқарту туралы келісім шарт жасалған.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту жасалып, ерекше талаптар белгіленді

17/06/2016

Құқық бұзушы К. Қызылорда қаласы, Абай даңғылында орналасқан үйіне  спирттік ішімдік ішкен күйінде келіп анасы К-ға қарсы балағат сөздер айтып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарымен қолданған қорғау нұсқамасын бұзған.

Құқық бұзушы К. ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/06/2016

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының  3-бөлігімен   құқық  бұзушы Д-ға  қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Құқық бұзушы Д.  көлік құралдарын басқару  құқығы жоқ адам бола тұра, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін белгіленген ережелерін сақтамай, өзінің басқаруындағы «Mercedes-Benz 260E»  автокөлігімен Шиелі кенті Төле би көшесінің бойында қарама қарсы бағытта келе жатқан «Opel Vectra» автокөлігіне соқтығысып, нәтижсінде  автокөлік жолаушысы  жеңіл дәрежелі дене жарақатын алған.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан үзінді (17.06.2016 ж.)

17/06/2016

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

 

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы лауазымына (санаты С-О-5 ):

Жусупова Шынаргуль Балтабековна.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы лауазымына (уақытша бос, санаты С-О-5):

Лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатқан

17/06/2016

Құқық бұзушы дара кәсіпкер А. Қызылорда қаласы, Мерей м/а орналасқан  азық-түлік дүкенінде лицензиясыз жалпы сомасы 5490 теңге тұратын 22 дана шөлмек алкоголь өнімдерін сақтап және сатқаны үшін Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.