Архив событий

02/06/2016

Ұрлық оқиғасына қатысты брифинг өткізілді

02/06/2016

Қазалы аудандық сотында 1 маусым 2016 жылы аймақтық «Тұран-Қазалы» газетінің тілшісі Т.Аязбаевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған Е-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотталушы Е., 13 мамыр 2016 жылы сағат 22.30-дар шамасында Әйтеке би кенті, М.Жұмабаев көшесі 26-үйде өзімен бірге тұратын апасы Б-ның құны 150 000 теңге тұратын алтын алқасын жасырын жымқырып, жәбірленушіге 150 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Әкімшілік іс бойынша брифинг өткізілді

02/06/2016

Қазалы аудандық сотында 1 маусым 2016 жылы жергілікті «Тәуекел туы» газетінің тілшісі М.Көптілеуовтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың судьясы Д.Абдыкалыков Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабымен құқық бұзушылық жасаған М-ның әкімшілік ісі бойынша ақпарат берді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді

02/06/2016

2016 жылдың 1 маусымында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында студентердің қатысуымен  «Ашық есік күні»  іс-шарасы өткізілді.

«Ашық есік күніне» келуші студенттерді Қызылорда облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы  С.Умарсирикова қабылдап, сот жүйесінің соңғы жаналықтары «Сот кабинеті» сервисі мен «Төрелік» ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері мен қолдану аясына қатысты жан-жақты түсіндірме берді.

Ұсақ бұзақылықты жыл көлемінде қайталап, әкімшілік қамаққа алынды

02/06/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Т., 31 мамыр 2016 жылы сағат 17.30 шамасында Әйтеке би кенті, Михайлюк көшесі 23 үй, 3 пәтердің тұрғыны К-ге қоғамдық орында былапыт сөздер айтып, тұрғын үй-жайларды қорлап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, аталған әрекетті бір жыл көлемінде қайталап, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Қызылорда облысында медиация кабинеттері өз жұмысын атқаруда

02/06/2016

Сот саласында Медиация туралы заңның өз деңгейінде жүзеге асырылып, бітімгершілік рәсімдерін арттыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Медиация - сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңайлатуға, басы артық бюрократикалық рәсімдерден арылуға, сот жұмысын жеңілдетуге, дауларды соттан тыс реттеу институтын дамытуға, болмашы мәселелердің соттан тыс шешу тетіктерінің қалыптасуына ықпал етеді.

Бітімгершілік халқымыздың әлімсақтан қазақ даласының салт-сана дәстүрінде және мәдениетінде бар тәжірибе. Қазақ даласының бұл озық тәжірибесі Медиация туралы Заңымен реттелген.

Жаңақорған аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

02/06/2016

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен 24 мамыр 2016 жылы «Жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау барысындағы туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың судьялары, кеңсе қызметкерлері, аудандық прокуратураның, Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері және жергілікті полиция инспекторлары  қатысты.

Маскүнемдіктен еріксіз емдеуге жіберілді

02/06/2016

Қазалы аудандық сотында «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасы» шаурашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының азамат Б-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Х а б а р л а н д ы р у

02/06/2016

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің  бос (уақытша бос) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттарды кадр резервінен таңдау бойынша 2016 жылғы 1 маусымда өткізілген  комиссия отырысының ШЕШІМІ:

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің төмендегі лауазымдарына ішкі конкурс жариялансын:

1.Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы  (С-О-5);

2.Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің персоналды басқару (кадр қызметі)  бөлімінің бас маманы  (С-О-5, уақытша бос);