Архив событий

28/06/2016

Журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

28/06/2016

Байланыс  және  ақпарат  қызметкерлері  күні  мерекесіне  орай  Қызылорда  қалалық мамандандырылған  әкімшілік  сотының  ұжымы  «Сыр  бойы» газетінің  тілішісі Дәурен  Омаров пен  Қызылорда  облыстық  сотының  ақпараттық  қамтамасыз  ету  бөлімінің  маманы  Ысқақова  Айжанды сот қызметі  туралы  ақпараттандыруда  зор  үлес  қосқаны  үшін  алғыс  хаттармен  марапаттап, сыйлықтар  табыстады.

Шиелі аудандық сотымен көшпелі семинар өткізілді

28/06/2016

Шиелі аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында  аудандық сотының бас маманы А.Өміралиева ХҚКО-ның қызметкерлеріне «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі туралы көшпелі семинар сабағын өткізді.

«Мемлекеттік емес ұйымдардан сотқа түсетін арыздардың сотқа жолдану тәртібі мен рәсімделуі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28/06/2016

23 маусым 2016 жылы Қармақшы аудандық сотының судьясы  Л.Алибекова  құқық  қорғау органдарымен, жергілікті уәкілетті мекемелер мен квази-мемлекеттік  органдар, коммерциялық  ұйымдар  жеке  және  заңды  тұлғалар  арасында  «Мемлекеттік емес ұйымдардан сотқа түсетін арыздардың сотқа жолдану тәртібі мен рәсімделуі»  тақырыбына  дөңгелек  үстел өткізілді.

Судья Л.Алибекова күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, ол бойынша  баяндама  жасау   үшін  кеңсе меңгерушісі Е.Матжановқа  сөз  берді.

Көлікті құжатсыз мас күйінде басқарған

28/06/2016

Көлікті мас күйінде басқару қозғалыстың басқа қатысушыларына аса қауіп тудыратын әрекет.

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы С., 13 маусым 2016 жылы көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, «ИЖ-Планета 5» маркалы мемлекеттік белгісі жоқ мотокөлік құралын масаң күйінде басқарған.

Қызылорда облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен online режимінде интернет-конференция өткізеді

28/06/2016

2016 жылдың 30 маусымында сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қайырбеков Нұрлан Мұратұлының бастамасымен сот жүйесінің ашықтығын, жариялылығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындары үшін online режимінде интернет-конференция өтеді.