Архив событий

27/06/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы сәбилер үйінде болды

27/06/2016

“Жерде жетім жыласа, көкте періште налиды” деп жатамыз.

24 маусым  күні  Қызылорда қалалық мамандандырылған  әкімшілік сотының  ұжымы Қызылорда облыстық мамандандырылған сәбилер үйінде болып, бүлдіршіндерге  киім-кешек  тарту етті.

Өз кезектерінде сәбилер үйінің бүлдіршіндері қонақтарға өнерлерін көрсетті. Бірі тақылдатып тақпақ оқыса, енді біреулері, ән шырқап, ортаны ән мен күйге бөледі. Балалардың өнерлерінен олардың келешекке деген ынтасын байқауға болады.

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

27/06/2016

2016 жылдың 17 маусымда бекітілген кестеге сәйкес № 2 Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды №2 Қызылорда қалалық сотының төрағасы Б.Қалымбет  қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Сотта дөңгелек үстел өткізілді

27/06/2016

2016 жылдың 23 маусым күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «2015 жылы және 2016 жылдың 6 айында қаралған қылмыстық істер бойынша үкімнің заттай дәлелдемелер бөлігінің орындалуы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева, Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Н.Қалиев, Қызылорда облыстық ішкі істер Департаментінің өкілі Э.Кунтуарова, Қызылорда қаласының ішкі істер Басқармасының өкілі Ж.Канибаев қатысты.

«Медиация – дауды сотқа дейін реттеу» тақырыбында өткізілген семинар

27/06/2016

Қармақшы аудандық сотында «Медиация – дауды сотқа дейін реттеу» тақырыбында семинар өтікізілді.

Іс-шараға сот төрағасы Қ.Абдуллаев, судья Л.Алибекова, кеңсе меңгерушісі Е.Матжанов пен кеңсе мамандары қатысты.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

27/06/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Сүлеймен, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

25 жастағы келіншек күйеуімен сөзге келіп, жанжал үстінде асхана пышағымен күйеуін өлтірген  қылмыстық іс бойынша төрағалық етуші судья Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы БАҚ өкілдерің  қойған сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда облысында «Медиация - дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

27/06/2016

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында «Медиация-дауды шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыс судьялары, кәсіпқой, кәсіпқой емес медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті әкімдік, прокуратура, ішкі істер, адвокатура органдары өкілдері қатысты.

Әкімшілік іс бойынша брифинг

27/06/2016

Арал аудандық сотында 23 маусым 2016 жылы әкімшілік іс бойынша брифинг өтті. 

Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты және шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен азамат К-ға қатысты қаралған әкімшілік іс бойынша мәлімет берді.

Қалалық сотта семинар өтті

27/06/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен жұмыс жоспарынан тыс «Қаралып аяқталған азаматтық істерді рәсімдеу» тақырыбында оқып үйрену сабағы  өтті.

Бас маман Л.Бахтиярова қаралып аяқталған азаматтық істерді рәсімдеу және оларды мұрағатқа өткізу тәртібі жайлы айтып берді.

Кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

27/06/2016

Қызылорда облысының  кәсіпкерлер  палатасында  Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев, судьялар Ш.Қожантаев, С.Утегенованың қатысуымен  дөңгелек   үстел өткізілді.

Дөңгелек  үстел кәсіпкерлік  қызметіндегі  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  тақырыбында  өтті.

Дөңгелек үстелді  Қызылорда  облысының  кәсіпкерлер  палатасы  директорының  құқықтық  мәселелер  бойынша  орынбасары Д.Мырзалиев  ашып, сот төрағасы  М.Ибрашев  кіріспе  сөз  сөйледі.

Қызылорда қаласының №2 сотында жоспарға сәйкес семинар сабағы өтті

27/06/2016

Қызылорда қаласының № 2 сотында 2016 жылдың маусым айының 16 жұлдызында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді қарау туралы»  тәртібі №1-ТӨ нысанды статистикалық есеп тақырыбында семинар сабағы өтті.

Семинарға кеңсе меңгерушісі  және  кеңсе қызметкерлері қатысты.

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

27/06/2016

Шиелі аудандық  сотымен   алкогольді масаң күйінде көлік құралын басқару фактісі  бойынша  әкімшілік  іс қаралды.

Іс  құжаттарына  сәйкес  О. көлік  құралын басқаруға  құқығы жоқ адам бола тұра, алкогольді  масаң  күйінде автокөлігін  басқарған.

Сот  отырысында  құқықбұзушы О. кінәсін  мойындап,  өзінің көлік құралын басқаруға  құқығы  жоқ  екенін  және  жүргізу  куәлігін алмағанын көрсетті.

Мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беретіндігін айтып, сенімге кіріп, алаяқтық жасаған

27/06/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында бөтен мүлікті сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше рет алдап алып, жымқырып, алаяқтық қылмысын жасаған сотталушы азаматша  Ә – ге қатысты үкім шықты.