Архив событий

23/06/2016

Ашық есік күні өткізілді

23/06/2016

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың  істері  жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық  сотында  «Ашық есік күні»  шарасы  өткізілді. «Ашық есік күніне» келген азаматтарды төраға А.Әбу қабылдады.

Қабылдауға А.Жумаева, Б.Жумаев, С.Алтынбаева, Қ.Бейжігітова  қатысып, өздерін толғандырып жүрген  мәселелері бойынша  сауалдарын  қойды.

Сырдария аудандық соты мен Халыққа қызмет көрсету орталығы бірлесіп дөңгелек үстел өткізді

23/06/2016

22  маусым 2016 жылы Сырдария аудандық соты мен аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) бірлескен «ХҚКО-нан ҚР Жоғарғы Сотыныың интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы электрондық арыздарды беру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қармақшы аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

23/06/2016

Қармашы аудандық сотының ұйымдастыруымен 21.06.2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 желтоқсан 2015 жылғы №1110 қаулысымен бекітілген «Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Қармақшы аудандық сотының төрағасы мен судьясы, прокуратура мен ішкі істер органдарынын өкілдері қатысты.

Қазалы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

23/06/2016

Қазалы аудандық сотында 22 маусым 2016 жылы жергілікті «Серік ТВ» телеарнасының қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотталушы Г-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жаза тағайындалды

23/06/2016

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматша А., ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен айыпталған сотталушы Г-ның қылмыстық ісі бойынша 2016 жылдың 13 және 21 маусымына тағайындалған сот отырыстарына куә ретінде шақырылғанын біле тұра, дәлелсіз себептермен сот отырыстарына келмей, ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде қаралған құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында азаматша А-ның әрекеті өзінің мойындау жауабымен және өзге де құжаттармен өз дәлелін тапты.

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңының қолданылу мәселелері талқыланды

23/06/2016

21 маусым 2016 жылы Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңының қолданылу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Бас қосуға сот судьялары мен кеңсе қызметкерлері, аудан әкімдігінің, кент әкімдігінің, аудандық білім бөлімінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Жаңақорған АІІБ-нің, аудандық әділет басқармасының, Жаңақорған желілік ішкі істер бөлімшесінің өкілдері қатысты.

Жаңақорған аудандық сотында жаңа Заңдар талқыланды

23/06/2016

21 маусым 2016 жылы Жаңақорған аудандық  сотында жаңа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл  туралы» Заңдарын талқылау тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық  сот судьялары мен кеңсе қызметкерлері, аудан әкімдігінің, кент әкімдігінің, аудандық білім бөлімінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, желілік ішкі істер бөлімшесінің, Жаңақорған АІІБ-нің, аудандық әділет басқармасының өкілдері қатысты.

Қалалық сотта семинар өтті

23/06/2016

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Сот отырысының хаттамасын аудио-, бейне жазбаларды қолданып жүргізу тәртібі» тақырыбында оқып үйрену сабағы  өтті.

Бас маман сот отырысының хатшылары сот отырысы хаттамаларын әзірлеу мерзімдері мен тәртібіне тоқталды, сондай-ақ, «Төрелік» жүйесіне енгізу, электрондық хаттамамен тараптарды таныстыру және судья мен сот отырысы хатшысының электрондық қолтаңбасын қою, қажеттілігіне қарай көшірмесін жасау тәртібі жайлы айтты.

ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2-бөлігін қолдану бойынша брифинг өткізілді

23/06/2016

22.06.2016 жылы Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  сотының  судьясы  А. Байбулатова ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2-бөлігін қолдану барысы туралы  БАҚ өкілдерінің  қатысуымен  брифинг өткізілді.

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

23/06/2016

Қызылорда қаласының №2 сотында 2016 жылдың маусым айының 20 жұлдызында брифинг өткізілді. Брифинг судья К.Кусекеев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілідерінің қатысуымен өткізілді.

Төрағалық етуші  судья К.Кусекеев өз өндірісіндегі қаралған  қылмыстық ісі жөнінде баяндады.

Зейнеткер келінін ұрып соққаны үшін жазаға тартылды

23/06/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында адамның өміріне қауіпті емес, денсаулықты қысқа уақытқа бұзылуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана  жеңіл зиян келтірген сотталушы К – ға қатысты үкім шықты.

Атап айтқанда, сотталушы К. 2016 жылдың наурыз айында туған ұлы А-ның бұрынғы заңды некеден ажырасқан жолдасы Г-ның үйіне келіп, Г-ның үш жастағы туған қызы Н-ның шашын қайшымен қырқып алып, Г-ны себепсіз ұрып-соғып денсаулығына жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салған.