Архив событий

24/06/2016

Қызылорда қалалық сотында салтанатты жиналыс өтті

24/06/2016

Қызылорда қалалық сотында мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты жиналыста Қызылорда қалалық сотының судьялары сот ұжымын мемлекеттік қызметкерлер күнімен құттықтады.

Осы күні 100 қадам -Ұлт Жоспарына сәйкес, мемлекетті кәсібилендіру саласында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң мемлекеттік апараттың тиімділігін арттыруға бағытталғандығын, сондай-ақ жемқорлық көріністерін барынша алдын алуға бағытталған жүйенің жаңғыртылып отырғандығы айтылды.

Қазалы аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

24/06/2016

Қазалы аудандық сотында 20 маусым 2016 жылы аудандық «Қазалы» газетінің тілшісі А.Қазмағамбетованың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық сот төрағасы Қ.Темірбаев           Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Д-ның ісі бойынша ақпарат берді.

Қарыз сомасы өндірілді

24/06/2016

Қармақшы аудандық сотында қарыз сома өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

2016 жылдың ақпанында жауапкер С. талапкер И-ден 140 000 теңгені қарызға алған және 2 айдан кейін қарызды қайтару туралы міндеттелген. Бірақ бірнеше сұраныстарға қарамастан, жауапкер қарыз соманы қайтармаған, осыған байланысты талапкер И. жауапкер С-дан қарыз сома 140 000 тенге, айыппұл 6392 теңге, мемлекеттік баж сомасы 1464 теңге, басқа сот шығындары 585 теңгені өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгінген.

Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды талқылау өтті

24/06/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов 2016 жылдың алты айында судьялармен сот әділдігін жүзеге асыру сапасы туралы талқылау өткізді.

Талқылау барысында сот төрағасы осы мерзімде апелляциялық сот алқасымен бұзылған және өзгертілген сот актілеріне нақты тоқталды. Аталған сот актілерін қабылдаған судьялардың пікірлерін тыңдады. 

Қараусыз қалдырылып, сырттай шешім қабылданып қаралған және өндірісі тоқтатылып тұрған істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Алимент төлемеген

24/06/2016

Байқоңыр қалалық сотында азамат С.-ға қатысты ҚР-ның ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, азамат С. Байқоңыр қалалық сотының 11.11.2015 жылғы кәмелетке толмаған төрт баласын асырап-бағуына барлық тапқан табысының 1/4 бөлігін К.-нің пайдасына өндіру туралы сот бұйрығын 2015 жылдың қараша айынан бастап орындамаған. Содан алимент бойынша қарызы 229 091 теңгені құраған.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан үзінді (24.06.2016 ж.)

24/06/2016

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

1.Байқоңыр қалалық  соты  кеңсесінің жетекші маманы лауазымына (уақытша бос, санаты С-R-5 ):

Өміртай  Аружан  Нұрланқызы.

2.Қызылорда қалалық №2 соты  кеңсесінің  жетекші маманы  лауазымына (санаты С-R-5):

Абызова Айзат Нұрмаханқызы.

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық сот мамандары марапатталды

24/06/2016

Мемлекеттің тірегі, ұлт мәртебесін көтеріп, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай мемлекеттік қызметті нығайтуға ерекше үлес қосқан облыстық соттың мамандары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы Ж.Жылқышиеваның «Алғыс хатымен» марапатталды.