Мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық сот мамандары марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекеттің тірегі, ұлт мәртебесін көтеріп, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай мемлекеттік қызметті нығайтуға ерекше үлес қосқан облыстық соттың мамандары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы Ж.Жылқышиеваның «Алғыс хатымен» марапатталды.

Аталған марапаттарды Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысы А.Жұмамұратов облыстық соттың бас маманы И.Жаңабергенова мен жетекші маман Д.Айткеноваға табыстады. Марапат иелері өз қызметінде кәсіби біліктілігін аңғартып, абыройлы қызмет атқарып келеді.

Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекеттік жүйенің ең маңызды тетіктерінің бірі. Билікке деген сенім мемлекеттік қызметшіден басталады. Мемлекеттік қызмет атқару үлкен абырой болуымен қатар, аса үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Әріптестерімізге алдағы уақытта да осындай биік белестер өресінен көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.  

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі