Алимент төлемеген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында азамат С.-ға қатысты ҚР-ның ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында, азамат С. Байқоңыр қалалық сотының 11.11.2015 жылғы кәмелетке толмаған төрт баласын асырап-бағуына барлық тапқан табысының 1/4 бөлігін К.-нің пайдасына өндіру туралы сот бұйрығын 2015 жылдың қараша айынан бастап орындамаған. Содан алимент бойынша қарызы 229 091 теңгені құраған.

Сотта, азамат С. қазіргі таңда уақытша жұмыссыз екенін, жұмысқа орналаса алмай жүргендіктен сот бұйрығын орындай алмағанын айтты.

Сот қаулысымен, азамат С. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша кінәлі деп танылып, бір тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі