Қарыз сомасы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында қарыз сома өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

2016 жылдың ақпанында жауапкер С. талапкер И-ден 140 000 теңгені қарызға алған және 2 айдан кейін қарызды қайтару туралы міндеттелген. Бірақ бірнеше сұраныстарға қарамастан, жауапкер қарыз соманы қайтармаған, осыған байланысты талапкер И. жауапкер С-дан қарыз сома 140 000 тенге, айыппұл 6392 теңге, мемлекеттік баж сомасы 1464 теңге, басқа сот шығындары 585 теңгені өндіру туралы сотқа талап арызбен жүгінген.

Талап арыз қанағаттандырылып, талапкердің пайдасына жауапкерден 148 441 теңге өндірілген.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі