Қызылорда қалалық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды талқылау өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов 2016 жылдың алты айында судьялармен сот әділдігін жүзеге асыру сапасы туралы талқылау өткізді.

Талқылау барысында сот төрағасы осы мерзімде апелляциялық сот алқасымен бұзылған және өзгертілген сот актілеріне нақты тоқталды. Аталған сот актілерін қабылдаған судьялардың пікірлерін тыңдады. 

Қараусыз қалдырылып, сырттай шешім қабылданып қаралған және өндірісі тоқтатылып тұрған істер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Сот сараптамасы тағайындалып, тоқтамға алынған істер бойынша сараптама жүргізу жұмыстарының барысын әр іс бойынша жеке-жеке  анықтады және өндірісінде осы істер бар судьяларға азаматтық істерді тез арада қарау және қағазбастылықты жою мақсатында тапсырмалар берді.

Сот әділдігін жүзеге асыру сапасын арттыру мақсатында тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, сот кеңсесі мен мұраттының жұмыстары, атап айтқанда азаматтардың арыздарын қарау, азаматтық істердің есептік тіркеу кәртішкелерін толтыру, бақылау тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі