Архив событий

16/06/2016

Қызылорда қалалық сотында «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламасының орындалуы тақырыбында семинар сабағы өтті

16/06/2016

Қызылорда қалалық сотында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты ұлттық бағдарламаның орындалу барысын талқылау сабағы  өтті. Аталған сабаққа сот төрағасы А.Бабатов, судьялар және кеңсе қызметкерлері қатысты.

Байқоңыр қалалық сотында «Төрелік жүйесі арқылы SMS хабарламаны жіберу және қысқаша хаттаманың мазмұны мен құрылымы» жөнінде тренинг өткізілді

16/06/2016

Байқоңыр қалалық соты қызметкерлеріне «Төрелік жүйесі арқылы SMS хабарламаны жіберу және қысқаша хаттаманың мазмұны мен құрылымы» атты тақырыбында тренинг сабақ  өткізілді.

Бас маман – сот мәжілісінің хатшысы Ж.Тажимбетова өз баяндамасында сот процесіне қатысушыларға SMS жіберу арқылы хабарландыру жүйесі мен қысқаша хаттаманың мазмұны мен құрылымын түсіндірді.

Жеке сот орындаушыларының қатысуымен әкімшілік істер бойынша дөңгелек үстел өткізілді

16/06/2016

Қызылорда қалалық мамандандырылған  әкімшілік сотының  судьялары  мен  Қызылорда  облысы  бойынша  жеке  сот орындаушыларының өңірлік палатасы сот  орындаушыларының  қатысуымен  әкімшілік  істер  бойынша  сот қаулыларын  «Төрелік» ақпараттық жүйесі  бойынша  электронды  түрде  орындауға   жолдау  тақырыбында  дөңгелек  үстел  өткізілді.

Кеңсе  меңгерушісі  А.Аблаева әкімшілік  істер  бойынша  сот қаулылар «Төрелік» ақпараттық  жүйесі  бойынша  электронды  түрде  орындауға  жолдау  барысында  туындаған  мәселелерді  атап  көрсетті.

Қызылорда қалалық сотында іс медиациялық келісімге келумен аяқталды

16/06/2016

Азаматша Б. сотқа жауапкер А. екеуінің арасындағы ортақ мүлікті бөлу  туралы арыз келтірді.

Тараптардың арасында заңды неке бұзылғандығы сотпен анықталған. Алайда, заңды некеде тұрған уақыттарында несиеге пәтер сатып алған. Ажырасқаннан соң несие және тұрғын жайды модернизациялау бойынша қарыздарының төленуі туралы сұрақтар туындаған. Сол себепті, талапкер сотқа жүгініп, мүліктік және қаржылық міндеттемелерді нақтылап беруді талап еткен. 

Айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген

16/06/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Н. 06.06.2016 жылы сағат 01.45-тер шамасында қоғамдық орында, яғни теміржол вокзалы перронында алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде балағат сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған, сөйтіп, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде, қайтадан ұсақ бұзақылық сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қарыз ақшаны өндіру туралы арызды қанағаттандырды

16/06/2016

Талап қоюшы «Н» акционерлік қоғамы сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «К» ЖШС-нен 62 937 теңге қарызды өндіруді сұраған.

Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық сақтандыру міндеттерінің келісім шартына сәйкес, жауапкер «К» ЖШС-нің талапкер «Н» АҚ-ның алдындағы қарызы 62 937 теңгені құрайды.

Қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды

16/06/2016

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының  2-бөлігімен  сотталушы   Б-ға  қатысты  қылмыстық  іс  қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Шиелі кенті Т.Рысқұлов көшесінің  бойында күдікті болып көрінген азамат Б-ны тоқтатып, тексеру кезінде азамат Б-ның үстіне киген көйлегінің оң жақ  қалтасынан есірткі заты 0,72 грамм «кептірілген марихуананы» өз еркімен  алып  берген. 

Жүргізу құқығынан айырыла тұра көлік құралын басқарған

16/06/2016

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің  346- бабының 1-бөлімімен азамат И-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сай, сотталушы азамат И. Жалағаш аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 467-бабы 1-бөлігі бойынша 3 жылға  көлік құралын жүргізу құқығынан айырыла тұра, 2016 жылғы 17 сәуірінде Жалағаш кенті, Қазыбек би көшесі бойында «Лада-Гранта» маркалы автокөлігін мас күйінде көлік басқарған.

Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірді.

Рөлде алкогольдік масаң күйде болған

16/06/2016

15 маусым 2016 жылы Сырдария аудандық соты Н-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы  ісін қарады.                             

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Н. өзінің «Opel Frontera» маркалы автокөлігін Сырдария ауданы, Шаған ауылында алкогольдік  масаң  күйде басқарған.