Архив событий

21/06/2016

Сот ұжымы көмек қолын созды

21/06/2016

Еліміздің қабырғасын қайыстырған Ақтөбедегі қарулы қақтығыста ерлікпен қаза тапқан әскери қызметкерлердің және де қапияда қаза болған жандардың отбасыларына барлық қазақстандықтар қайғырып көңіл айтуда. Сонымен қатар, жоғары лауазымды тұлғалар материалдық көмек көрсетуден қалыс қалып жатқан жоқ.

Қызылорда облысы соттарының ұжымы 1 күндік жалақысын майор Даниель Майлыбаев, кіші сержант Берік Қалиев пен қатардағы жауынгер Досбол Сапардың отбасыларына аударып, қайғыларына ортақтасты. 

Күйеуін өлтіріп, бас бостандығынан айырылды

21/06/2016

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 25 жастағы әйел, сотталушы А.Сәдуге қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.

Қармақшы аудандық сотында медиация рәсімдерін қолданудың маңызды мәселелері талқыланды

21/06/2016

Қармақшы аудандық сотында медиация заңын қолдану мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудандық сотының судьясы мен төрағасы, кәсіпқой емес медиатор, прокуратура өкілдері мен ішкі істер органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – медиацияны сот өндірісінде жүйелі әрі дәйекті түрде енгізу бойынша мүдделі құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды арттыру.

«Медиация заңының кеңінен қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

21/06/2016

2016 жылдың 17 маусымында Қызылорда қаласының №2 соты мен «Медиация дамыту орталығы» РҚБ-ның Қызылорда  облысы бойынша өкілдігімен бірігіп «Медиация заңының кеңінен қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Қызылорда қаласының №2 сотының судьялары мен кәсіби медиаторлар қатысты.

Іс-шараны судья А.Сұлтанбеков ашып, бүгінгі таңдағы Медиация заңының сот істерінде қолданылу жағдайы, оның  тиімділігі  мен маңыздылығын атап өтіп, сөз кезегін баяндамашыға берді.

Қазалы аудандық сотында брифинг өтті

21/06/2016

Қазалы аудандық сотында 20 маусым 2016 жылы аудандық «Қазалы» газетінің тілшісі А.Қазмағамбетованың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья М.Б.Оспанов талап қоюшы Б-ның азаматтық ісі бойынша ақпарат берді.

Талапкер Б., өз талап арызында, жауапкер Ж-мен заңды некеде тұрғанын, некеден ортақ кәмелеттік жасқа толмаған балаларының барын, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасын сақтауға мүмкіншілік жоқтығын  айтып, көрсеткен.

Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатумен айналысқан

21/06/2016

Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматшасы Р. 12.05.2016 жылы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, ішкі істер органдарына уақытша 11.06.2016 жылға дейін тіркеуге тұрып, Қызылорда қаласы, Рысқұлов көшесі бойында заттарды өзгеше тәсілмен сатумен айналысып жүрген жерінен Қызылорда ОІІД-ң КҚПБ қызметкерлерімен ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Әкімшілік істі қарау барысында құқық бұзушы Р. елу тоғыз жасқа толғандығы айқындалды.

Балық аулау қағидаларын бұзған

21/06/2016

Құқық бұзушы К. Қызылорда қаласы, «ПМК-29» бау-бақша серіктестігі саяжайының тұсында Қалғандария су айдынында балық аулау қағидаларын бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып  20 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл сомасы 42420 теңге айыппұл салынды. 

Анасын балағаттағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

21/06/2016

Құқық бұзушы К. спирттік ішімдігін ішкен мас күйінде Қызылорда қаласы, Тыныбаев көшесіндегі  үйіне  келіп  анасы К-ға қарсы балағат сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін іс-әрекеттерді  жасаған.

Құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен  кінәлі  деп танылып  1  тәулік әкімшілік қамаққа алынды.

«Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс-шаралары» тақырыбында семинар өткізілді

21/06/2016

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты судьялары мен сот қызметкерлерінің  қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс-шаралары» тақырыбында семинар өткізілді.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған

21/06/2016

Құқық бұзушы Ю. 01.06.2016 жылы, жергілікті уақыт сағат 23:45 минут шамасында Қызылорда қаласы, Торайғыров көшесі нөмірсіз үйде орналасқан дүкенінде 1 шыны «Парламент» арағын азамат А-ға сатып, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған.

Құқық бұзушы Ю. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  21210 теңге айыппұл  салынды. 

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

21/06/2016

Қармақшы аудандық сотымен азамат М-ның «Дарын-Ж» ЖШС-нен  жалақыны өндіріп алу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды.

 Іс материалдарынан  «Дарын-Ж» ЖШС-і  талапкер алдында 285 385 теңге көлемінде жалақы бойынша қарызы бар екендігі анықталды. 

Істі қарау барысында жақтар дауды медиация тәртібімен шешу туралы келісімге келіп, ол бойынша жауапкер еңбекақы есебінен 1 ай мерзім ішінде талапкерге  талап етілген сома көлемінде қарыз төлеуге міндеттелді.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды

21/06/2016

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. 16.05.2016 жылы сағат 21.10-дар шамасында қоғамдық орында, яғни Сексеуіл кенті, Жамбыл көшесі бойында өзінің шегіп тұрған темекі қалдығын тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін іс-әрекетті жасаған.

Әкімшілік айыппұл салынды

21/06/2016

Байқоңыр қалалық сотында азамат А.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінде жұмыс жасайтыны анықталған. 13.06.2016 жылы сағат 10.58-дер шамасында Байқоңыр қаласы, Абай көшесі, 37 мекен- жайда орналасқан Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кіреберіс маңында төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамдық орында тартқан темекі қалдығын лақтырып, ұсақ бұзақылық жасаған.