Қызылорда қалалық сотында салтанатты жиналыс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты жиналыста Қызылорда қалалық сотының судьялары сот ұжымын мемлекеттік қызметкерлер күнімен құттықтады.

Осы күні 100 қадам -Ұлт Жоспарына сәйкес, мемлекетті кәсібилендіру саласында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң мемлекеттік апараттың тиімділігін арттыруға бағытталғандығын, сондай-ақ жемқорлық көріністерін барынша алдын алуға бағытталған жүйенің жаңғыртылып отырғандығы айтылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуы қарсаңындағы қазақстандық арманымыз - 21 ғасырда көшбасшы 30 елдің бірі болуға жол ашатын дамудың негізгі бағыттарындағы алда атқарылатын міндеттерді атқару жауаптылығы мемлекеттік қызметкерлерге жүктелгендігі анық.

Жүктелген міндеттерді адал атқарып, соттың беделін көтеруге ат салысып жүрген қызметкерлер мерекелік жиналыста марапатталды.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі