Шиелі аудандық сотымен көшпелі семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында  аудандық сотының бас маманы А.Өміралиева ХҚКО-ның қызметкерлеріне «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі туралы көшпелі семинар сабағын өткізді.

Бас маман А.Өміралиева «Сот кабинеті» - бұл сот органдарының сервистеріне электрондық түрде қол жеткізу терезесі болып табылатынын айтты. Осы сервисті пайдалана отырып, азаматтар сотқа талап арыздар беруге, сот отырыстарының хаттамаларымен танысуға, хаттар, өтініштер мен шағымдарды электронды түрде жіберуге, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеуге мүмкіндік береді. Аталған жоба сот ісін жүргізуді оңайлатуға арналған, сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған электрондық өзара іс-қимыл. Сондай-ақ, «Сот кабинеті» сервисінің қолданушы кез келген азамат өзіне қолайлы уақытта сот актілерін қарап, істің құжаттарымен танысып, сот актісін басып шығара алады.

Семинар соңында А.Өміралиева  іс-шараға қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық сервисімен қолдану уақыт пен қаржы құралдарын үнемдеуге септігін тигізетінін айтып өтті.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі