Қармақшы аудандық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстық істер» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингте сот төрағасы Қ.Абдуллаев: 2015 жылы соттың қарауына барлығы 172 қылмыстық іс түскен, соның ішінде 12 іс есірткі заттарымен қатысты. Бүгінгі күнге 48 іс келіп түссе, соның ішінде 9-і есірткі заттарымен байланысты. Нашақорлықпен, әсіресе, есірткі заттарын таратушылармен күрес өте өзекті күйінде қалып отыр. Ауданның  құқық қорғау органдары заңсыз есірткі айналымымен күрес жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді - деп, атап өтті.

Ол өз сөзінде бірнеше мысалдарға тоқталып өтті. Мәселен, қылмыстық іс құжаттары бойынша, 03 сәуір 2016 жылы жергілікті уақыт бойынша 01:00 дер шамасында Қармақшы АІІБ-нің қызметкерлерімен азамат Е. тоқтатылып тексеру барысында азамат Е-нің автокөлігінен газет жыртындысына оралған жасыл түсті ерекше иісі бар есірткі затына ұқсас зат табылып, айғақ ретінде алынып, қылмыстық теріс қылық жасағаны анықталды.

Сотталушы Е., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 80 /сексен/ сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Сот төрағасы өз сөзін қорытындылай келе жоғарыда баяндалған жайттар есірткі заттарын заңсыз таратушылардың жазасыз қалмайтындығын дәлел болып табылатындығын атап өтті.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі