«Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің жұмысы жайлы брифинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотының кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова 17 маусым  2016 жылы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің жұмысы жайлы брифинг өткізді.

Брифинг барысында кеңсе меңгерушісі З.Сермағамбетова журналистерді «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің мүмкіндіктерімен ақпараттандырды. Сондай-ақ, жыл басынан бері «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы түскен электрондық арыздардың статистикалық есебіне тоқталып, 2016 жылдың 5 айында 391 талап арыздардың «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы түсіп, пайыздық көрсеткішпен  салыстырғанда барлық түскен талап арыздардың 93 % құрағанын және 590 әкімшілік істің барлығы 100 пайыз осы жүйе арқылы түскенін айтып өтті.

Бұдан соң кеңсе меңгерушісі журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі