Қызылорда қалалық сотында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотының судьялары арасында «Жұмысқа қайта орналастыру туралы азаматтық істерді қарау» тақырыбында семинар өтті.

Семинар сабағында судья А.Джумабаев Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің талаптарына тоқтала келе, соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнамаларды қолдануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  нормативтік қаулысы жайлы айтты.

Судья сотпен қаралған жұмысқа қайта орналастыру туралы азаматтық істерге тоқталып, аталған санаттағы істердің шешіміне шағымдану, апелляциялық сатыда қаралу тәжірибесіне тоқталды.

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі