Кәмелетке жасына толмаған жасөспірімге темекі бұйымын сатқаны үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен азаматша Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.   

Азаматша  Д.,  2016 жылғы 16-маусым күні сағат 20.30  шамасында  Әйтеке би кенті, Аймауытов көшесі 1 үйде  орналасқан аралас заттар дүкенінде кәмелет жасына толмаған П-ға  бір қорап «Парламент» темекісін  сатып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сотта азаматша Д-ның әрекеті өзінің мойындауымен қатар, істегі жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Сот қаулысымен азаматша Д., ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 29694 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі