Байқоңыр қалалық сотында «Медиация – бітімгершілік институты» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында «Медиация – бітімгершілік институты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы М.Тұрғанбаев, Төретам, Ақай әкімшіліктерінің заңгерлері және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Төраға өз баяндамасында, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатынын, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдесетінін атап өтті. Татуласу келісімі басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұза алмайды және заңға қайшы келмейді. Татуласу келісімін сот бекітеді.

Жаңадан қабылданған Азаматтық процесуалдық кодексте өзекті мәселенің бірі медиация институты. Яғни, тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Сонымен қатар, тараптар ҚР Азаматтық процестік кодексінің 179-бабында көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтініш хатты мәлімдей алады, - деп көрсетті судья.

Талқылаудың қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікірлерімен алмасып, туындаған сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі