Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құқық бұзушы К. Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентінде  орналасқан 5-шыны «Большая Кружка» сырасын аз.Ж-ға сатып, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзып, сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiнгі аралықта тұтынушыға алкоголь өнімін өткізгені үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Құқық бұзушы К. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған салынатын 10 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 21210 теңге 30 пайызға қысқартылып, 14847  теңге айыппұл салынды. 

Қайнар: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі