«Ашық есік күні» шарасы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үстіміздегі жылдың 10 маусым күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Аталған шараға жергілікті тұрғын, азаматша Мұхамбетқали Көркем  келіп, алқабиге үміткерлердің тізімі қалай жасалатындығын сұрады.

Сот төрағасы С.Сүлеймен алқабиге үміткерлердің тізімін қалыптастыратын ережесін түсіндіріп, одан басқа сот саласында енгізіліп жатқан жаңалықтар туралы айтып берді.

Шараға келген азаматша алған ақпараттарының толықтығына риза болып,  соттың ашықтығына алғысын білдірді.

Қайнар: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі