Бұзақылық құқық бұзушылық тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі   аудандық  сотымен  Қазақстан  Республикасының  ҚК-нің   293-бабының  2-бөлігінің  1-тармағымен   бұзақылық  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасаған   Б.Р,  Б.Н   және  Н.Н-ға  қатысты  қылмыстық  ісі  медиация  тәртібімен  қысқартылды.

Қылмыстық  іс  құжаттары  бойынша   айыпталушылар 2016-жылдың  ақпан  айының 03-күні  түнгі  сағат  02.30 шамасында    Шиелі кенті, А.Байтұрсынов  көшесі  бойында орналасқан «Жан» азық-түлік  дүкенінің  жанында   жәбірленуші  Ш.С-ға   бұзақылық  ниетпен тиісіп,  қоғамды құрметтемеу мен аса дөрекі қоғамдық тәртіпті бұзып,   ұрып  соғып,  жәбірленушіге  «жеңіл»  дәрежелі   дене жарақатын  келтірген.

Сот  отырысы  барысында айыпталушылар өз кінәлерін  толығымен мойындап,  жәбірленушімен  медиация  тәртібімен татуласуына байланысты,  қылмыстық  істі  тоқтатуды  сұрады.

Сот қаулысымен  айыпталушылар ҚК-нің 68-бабының  негізінде қылмыстық жауапкершіліктен  босатылып, қылмыстық іс медиация тәртібімен жәбірленуші тараппен  татуласуға  байланысты  іс  жүргізу  тоқтатылды.

Сот  қаулысы  заңды  күшіне  енген жоқ.

Қайнар: 
Пресс-служба Шиелийского районного суда