Бас бостандығын шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында Қазалы аудандық пробация қызметімен,  сотталған Ж-ға қатысты  бас бостандығын шектеу жаза түрінің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысы бойынша іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес Қазалы аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 178-бабы 2-бөлігі «а» тармағымен кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 60-бабының 1-ші бөлігін қолданумен түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Ж. аудандық пробация қызметінің есебіне 25.12.2014 жылы алынған. Алайда, сотталған Ж. сот үкімімен жүктелген міндеттерін біле тұра пробация қызметінің заңды талаптарын орындамай, жаза өтеу тәртібін жүйелі түрде 4-рет бұзып, бір рет қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыппұл салу жазасына қайта сотталып,  екі рет ҚР ӘҚБтК-не сәйкес әкімшшілік жауаптылыққа тартылып, жүргізілген тәрбиелік мәні бар түсіндірме жұмыстарынан еш нәтиже шығармаған.

Сот отырысында сотталған Ж-ның  бас бостандығын шектеу жазасын өтеудің тәртібі мен шаттарын бұзғандығы өзінің мойындау жауаптарымен және іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденді.

Сот қаулысымен сотталған Ж-ның бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген 2 жыл, 7 ай, 2 күн уақыты нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберілді.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі