Есірткіні заңсыз сақтағаны үшін жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында қылмыстық теріс қылық нысанындағы сотталушы А-ға қатысты  қылмыстық құқық бұзушылық ісі қаралды.

Сотталушы  А. 03-мамыр 2016 жылы сағат 16:10-дар шамасында Әйтеке би кенті, «Тұлпар» стадионының жанында үстіне киген шалбарының оң жақ  қалтасында ақ түсті қағаз қиындысына оралған салмағы 2,59 грамм есірткі заты, кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтап, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде қаралған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында сотталушы А-ның әрекеті өзінің мойындау жауабымен және іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапты.

Сот үкімімен сотталушы А., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 100 (жүз) сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі