Сот ғимаратына өткізу және объктілік режимді қамтамасыз ету

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

6 маусым 2016 жылы Сырдария аудандық сотында «Сот ғимратына өткізу және объктілік режимді қамтамассыз ету - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында бойынша семинар өтті.

Іс-шараға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев, аудан прокурорының көмекшісі  Н.Танбаев,  аудандық МКҚБ-ның полиция қызметкері Б.Әлдібайұлы және сот қызметкерлері қатысты.

Бас маман-аға сот приставы Ж.Сырғабаева өзінің баяндамасында: Сот процесіне қатысушылар сот ғимаратына сот отырысының хатшысы ұсынған тізім бойынша өтетіндігі туралы, және сот процесіне катысушыларды тіркеу сот ғимаратында орналасқан полиция бекетінде, сот приставына немесе полиция қызметкеріне мынадай кұжаттарды: жеке басын куәландыратын кұжатты, сенім хатты ұсыну бойынша жүргізілетіндігі туралы айтып өтті.

Семинар  барысында сотқа шақыру қағаздарымен келген тараптарды тіркеу тәртібі талаптарын орындау және сот залына кіргізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалармен қызметтік емес байланыстарды болдырмау, өздерінің атқарып отырған  қызметтерін адал әрі сапалы түрде орындау қажеттігі атап өтілді.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі