Сот еңбек кітапшасының тиістілігі және еңбек өтілінің заңды фактісін анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық соты Ақжар ауылы тұрғынының арызы бойынша оның  еңбек кітапшасын өзіне тиістілігі бойынша  заңды фактісін анықтау туралы азаматтық ісін қарады.

Арызданушы еңбек кітапшасындағы оның аты-жөні туралы мәліметтерінде қателері бар екендігіне және де қазіргі уақытта жұмыс істеген кәсіпорынның жоқтығына байланысты сотқа жүгінген. Осыған байланысты, өзінің жұмыс өтілін растай алмай отыр.

Сот мәжілісі барысында арызданушы өз арызын қолдап, оны қанағатандыруды сұрады, себебі зейнетақыны ресімдеу үшін құжат жинап жүр.

Сот арызданушыны мен оның өкілін және куәлерді тыңдап, іс материалдарын зерттеп, арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарды. 

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі