Істі қысқартылған тәртіппен жүргізу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

3 маусым 2016 жылы Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла, судьялар және кеңсе қызметкерлерінің қатысуларымен «Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу» тақырыбына семинар сабақ өткізді.

Сот төрағасы өз баяндамасында «Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу сот төрелігін  тиімділігінің арттыруға мүмкіндік береді, өйткені құқық бұзушылық жасалған уақыт пен кінәлі  тұлғаға қатысты сот қаулысы шығу арасындағы уақытты барынша қысқартады, ауыр емес және ауырлығы орташа, ауыр қылмыс істері бойынша жүргізіледі.

Қысқарту тәртібімен жүргізілетін сот талқылауында сотталушы мен жәбiрленушiден ғана жауап алынады, процессуалдық келісімді бекіту туралы, медиация тәртібімен іс жүргізу кезеңіндегі істің мән - жайын тексеріп, сондай-ақ азаматтық талап қою және процестік шығындар төлемдерінің мерзімі мен тәртібі туралы сұрақтар анықталады. Сот жарыс сөзі және қылмыстық істі қарау қорытындысы осы Кодексте көзделген жалпы тәртіппен  жүргізіледі.

Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу мерзімі заңмен 10 күнге дейін,  бірақ ерекше жағдайларда 20 күнге дейін ұзартылуы мүмкін» - деді.

Семинарға қатысушылар аталған тақырып бойынша өзге де мәселелерді талқылады. 

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі