Қызықты істер бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Соттың мәжіліс залына жиналған бұқаралық ақпарат құралдарына кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов сот өндірісінде қаралған қоғамдық пікір туғызған істер жайлы, соның ішінде кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау туралы, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 140 бабы бойынша қылмыстық істерінің көбейіп бара жатқанын баяндады.

Сол істердің біріне тоқталып өтсек, ҚР ҚК-ң 140-бабының 1-бөлігімен  айыпталғандар  Б. мен К.-ға қатысты қозғалған қылмыстық іс.

Сотталушылар  Б.Байелов пен Г.Карибаева өздерінің кәмелетке толмаған Т-мен  Қ.-ға тәрбиелеу  жөніндегі  міндеттерін  дәлелсіз  себептермен  тиісінше  орындамай, соның  салдарынан кәмелетке  толмағандар  Т. мен Қ.  2015 жылдың қазан айының 07-сі күні 03 сағат 00 минут адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, өндiрiстiк үй-жайға заңсыз кiру арқылы бөтеннің мүлiкiн аса ірі мөлшерде жымқыру мақсатында өздерінің тұратын мекен-жайларына көршілес орналасқан дүкеннің батыс бөлігіндегі қосалқы есігінде ілініп тұрған ілмелі құлыпты темір затты қолдану арқылы бұзып, дүкен ішіне кіріп, дүкен ішінен темірден жасалған сейфін, оның ішінде болған құны 3916000 теңге тұратын 585 пробалы алтыннан жасалған әйелдер алқалары мен сырға-сақиналарын және 3580000 теңге ақшасымен қоса жымқырып алып, жәбірленуші З.-ға жалпы 7 496 000 теңгеге мүліктік залал келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалаған.        

Содан  кейін, осы күні, яғни 07.10.2015 жылы шамамен сағат 03.30-да кәмелетке толмағандар Т. мен Қ. өздерінің қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отырып, таныстары С.-ның  автокөлігін сұрап алып, жымқырып алған темір сейфті аталған автокөлікке тиеп алып, айдалалы жерге барып, аталған темір сейфті темір зат қолдану арқылы құлпын бұзып ашқан. Оның ішінен олар тек алтыннан жасалған әшекей бұйымдары мен ақшаларды ғана алған. Сол уақытта Т. мен Қ. темір сейф ішінен аталған заттардан басқа    З.-тің  атына берілген жеке куәлігі, зейнетақы кітапшасы, тұрғын үй мен жер учаскесіне меншік құқығын танитын құжаттары шыққандығын көріп, өздерінің алдын-ала дайындап алып келген бензин жанармайын аталған құжаттарға Т. құйып, ал Қ. оған шырпы тигізіп, өртеп, жойған.     

Аталған оқиға бойынша Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 19 қаңтар 2016  жылғы  үкімімен кәмелетке толмағандар  Б. мен Т. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 4 бөлігінің  3 тармағымен кінәлі деп танылып,  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 63 бабы қолданылып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, кәмелетке толмағандар Б.- мен Т.-ға 1 (бір) жыл сынақ мерзім белгіленген.

ҚК-нің 10 бабының 3-бөлігінің талабына сәйкес жасалған іс-әрекет қылмыстық теріс қылық деп танылады.

Сондықтан сот соталушылар Б. мен К.-ға 25(жиырма  бес)  айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінде 49550 (қырық  тоғыз  мың  бес  жүз  елу)  теңге  көлемінде  айыппұл жазасы тағайындалған.

Брифингте осындай халықтың назарын елеңдетпей қоймайтын бірнеше қылмыстық істер бойынша әңгіме өрбіді.

Брифингті қорытындылаған судья Қ.Бержанов шараға қатысушы БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі