Қызылорда қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекованың, судьялардың және қала төңірегінде орналасқан банктер өкілдерінің және Қызылорда қоғамдық телеарнасы тілішілерінің қатысуымен «Банктік несие шарттары негізінде қарыз сомаларын өндіру туралы істердің қаралуы» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасының міндетін атқарушы А.Ж.Молдабекова сот өндірісіндегі банктік несие беру шарттарының орындалмауы негізінде азаматтардан қарыз сомаларын өндіру туралы азаматтық істердің қаралу барысына  тоқталды.

Дөңгелек үстелде қатысушылар несие шарттары бойынша сыйақы мен айыпақылардың есептелу тәжірибесіне әр банктің мысалында тоқталды, азаматтардың құқықтарының сақталуы мақсатында өзекті мәселелер  талқыланды.

Сондай-ақ, осы санаттағы азаматтық істерді қарауда медиация тәртібінің қолданылуы туралы айтылды.  

Қайнар: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі