Қылмыстық теріс қылығы үшін айыппұлға жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабының 1-бөлігімен азамат А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Сотталушы А. 09.03.2016 жылы Арал аудандық сотының қаулысымен   Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігімен көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айырылған. Алайда, ол, осыған қарамай, 4 мамыр 2016 жылы «Лада-21074» маркалы автокөлігін алкогольдік масаю күйінде басқарып келе жатып, жол-полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын  мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Нәтижесінде, сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыра отырып, 25 айлық есептік көрсеткіш – 53025 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі