Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық сотында 02 маусым 2016 жылы аймақтық «Тұран-Қазалы» газетінің тілшісі Т.Аязбаевтың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте аудандық соттың судьясы Д.Абдыкалыков ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен айыпталған Ж-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Іс-құжаттарына сәйкес сотталушы Ж. 28 сәуір 2016 жылы сағат 22.40 шамасында басқаруындағы көлігімен Әйтеке би кенті-Мұратбаев ауылы арасындағы тас жолдың қауіпті бұрылысында жолдан шығып кетіп, аударылып, көлік құралын басқаруда жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда автокөліктің жолаушысы Д-ның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеліп соқтырған, яғни ол ҚР ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігінде қаралған қылмысты жасаған.

Сотта сотталушы мен жәбірленуші кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен жасалған медиативтік келісімге келіп, қылмыстық істі қысқарту туралы тараптардың өтініштері жазбаша арызбен және медиативтік келісіммен рәсімделді.

Сот қаулысымен азамат Ж., ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі