Алқабилердің қатысуымен қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 3 сотталушыға қатысты қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Сотталушы Ж. танысы Р-мен алдын ала сөз байласу арқылы бұрын есірткі затын сатумен айналысып жүрген М-дан есірткі заты болса, алып қойып, адам өлтіруге сөз байласқан. Ойлаған жоспарларын іске асыру мақсатында қастарына сотталушы Е. мен С-ны қосып алады. Олар жәбірленуші М-ны үйінен алып, барлығы сотталушы Ж-ның жұмыс жасайтын жері, шаруашылыққа келіп, арақ ішкен. Жәбірленуші М-ның масаңдау болған сәтін пайдаланып, сотталушы Ж. және Р. оны қатты ұрып, соғып, есірткі затын қайда тығып қойғандығы туралы сұрап, оны өлтіріп,  оқиға орнынан бой тасалаған. 

Сотталушы Ж-ның өтініші бойынша қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылдың 18 мамыр күнгі үкімімен сотталушы Ж. ҚР ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағымен (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру) кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.

Сотталушылар Е. және С. ҚР ҚК-нің 434-бабымен  (қылмыс туралы хабарламау) кінәлі деп танылып, 3 жылға және 4 жылға бас бостандықтарынан айырылып, жазаларын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді

Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

Қайнар: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі