Архив событий

23/01/2017

Арал аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңын қолдануға байланысты сұрақтар бойынша дөңгелек үстел өткізілді

23/01/2017

Арал аудандық сотында сот төрағасы Е.Тұрбаевтың төрағалық етуімен дөңгелек үстел өткізіліп, онда «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңын қолдануға қатысты сұрақтар талқыланды.

Шараға аудандық соттың судьялары, аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімінің және пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.

Сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өтті

23/01/2017

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында семинар сабағы өтті.

Жиынға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары С.Смағұлова, облыстық соттың бөлім басшылары мен кеңсе мамандары, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандары қатысты.

Семинарды ашқан Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының орынбасары С.Смағұлова күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.

Арал аудандық сотында брифинг өтті

23/01/2017

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 2 бөлігінің 7 тармағымен қаралған А-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Экономикалық сотта БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

23/01/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің сот ғимаратына кіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының хатында көрсетілген тапсырманы орындау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Қызылорда қаласында орналасқан БАҚ өкілдері және Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері қатысты.

Сот қызметкерлері тағылымдамадан өтті

23/01/2017

Қызылорда облыстық сотының аймақтық оқу орталығы судьялар мен сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өткізу шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Сот шешімімен алимент мөлшері төмендетілді

23/01/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талапкер О. талап арыз берді. Онда сот шешімімен жауапкер Е-ның пайдасына екі баласын асырап бағуына айлық табысының 1/3 бөлігін, кәмелетке толмаған бір баласын асырап бағуына жауапкер С-ның пайдасына айлық табысының ¼ бөлігін төлеп отырғанын, алимент мөлшері 75 пайыздан асқанын, заң талабына сай алимент мөлшері 50 пайыздан аспауы тиіс екенін көрсетіп, соттан жауапкерлердің пайдасына өндіріліп отырған алимент мөлшерін 50 пайызға дейін азайтуды сұрады.

Көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы сот бұйрығы

23/01/2017

Арал аудандық сотымен Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ММ-нің борышкер А-дан көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, мемлекеттік кірістер басқармасымен борышкерге  салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама берілгенімен,  салық берешегі өтелмеген.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

23/01/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Сотталушы әйел өзімен бірге спирт ішімдігін ішкен бөтелкелесімен ұрысып, ұрыс барысында асхана пышағымен қаруланып, жәбірленушінің денесіне өміріне қауіпті іш тұсынан және кеуде тұсынан қасақана ауыр жарақат салып, адам өлтірген. Қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

«Некені бұзу туралы істі қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында брифинг өткізілді

23/01/2017

Жалағаш аудандық сотында «Некені бұзу туралы істі қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралының өкілінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Салық бойынша қарыз өндірілді

23/01/2017

Шиелі аудандық сотында талап қоюшы «Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің жауапкер К-дан көлік салығы бойынша қарызын өндіру туралы азаматтық ісі оңайлатылған тәртіппен қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкерге салық заңнамасы бұзушылықтарын жою жөніндегі хабарлама табысталған. Алайда, салық бойынша қарызы өтелмеген.

Сот қаулысымен әкімшілік жауаптылықтан босатылды

23/01/2017

Қазалы аудандық сотында азаматша Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, кәмелетке толмаған Х. азаматша Ж-ны азық-түлік дүкенінің ішінде, яғни қоғамдық орында балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген деген негізбен, оның анасы Ш-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабында қаралған құқық бұзушылық жасаған деп,  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Жауапкер баласына 21 жасқа толғанша алимент төлейді деп шешілді

23/01/2017

Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы Н. жауапкер Б-дан 21 жасқа толғанша алимент  өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Сот отырысында талап қоюшы Н. талап арызда көрсетілген талаптарын толығымен қуаттап, кәсiптiк оқу орнында оқығандығы себепті жауапкер Б-дан жиырма бір жасқа толғанша, ай сайын 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіріп беруді сұрады.