Архив событий

30/01/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қоғамдық бірлестікпен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты

30/01/2017

Қызылорда облысы бойынша «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-мен ұйымдастыруымен Достық үйінде «Медиация туралы» ҚР-ның Заңын қолданудың өзекті мәселелері тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының атынан судья Н.Еламанов, құқық қорғау және уәкілетті органдардың өкілдері, медиаторлар қатысты.

Дау медиациялық келісімге келу тәртібімен реттелді

30/01/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы С-ның жауапкер Д-дан берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы С. талап арызында, жауапкер Д-дан 150 000 теңге көлемінде берешек қарызын өндіруді сұраған.

Сотта тараптармен кәсіби медиатормен бекітілген, дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісім ұсынылды.

Есірткі затын заңсыз иемденіп сақтағаны үшін жаза тағайындалды

30/01/2017

Қазалы аудандық сотында азамат А-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында азамат А-ны тоқтатып, куәгерлердің қатысуымен жеке қарау кезінде азамат А-дан газет қиындысына оралған салмағы 1,56 грамм есірткі заты алынған, яғни ол  кептірілген марихуананы өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.

Күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция берілді

30/01/2017

Қармақшы аудандық сотының тергеу судьясымен ҚР ҚК-нің 434-бабымен күдікті Ж-ны күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берілуіне байланысты БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Іс құжаттарына сәйкес, күдікті Ж. жасалғаны анық белгілі аса ауыр қылмысын хабарламай, яғни ҚР ҚК-нің 434-бабында қаралған ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.   

Жол-көлік оқиғасын жасап, материалдық шығын келтірген

30/01/2017

Қазалы аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б. өзінің басқаруындағы   автокөлігімен Әйтеке би кенті, Р.Бағланова  көшесінің бойында қарсы бағытқа шығып, қарама қарсы бағытта келе жатқан азамат Д-ның басқаруындағы автокөлігіне соғып, соңғыға материалдық шығын келтірген. 

Сот қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,  оған 22 690  теңге айыппұл салынды.

Сот  қаулысы заңды күшіне енбеген.

Рақымшылық актісі қолданылып, жазадан босатылды

30/01/2017

27 қаңтар 2017 жылы Сырдария аудандық сотында аудандық пробация қызметінің Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345 бабының 3 бөлігінде көзделген қылмысты жасаған сотталушы К-ны Рақымшылық жасау туралы Заңның 2 бабының 1 бөлігінің негізінде жазадан босатуды сұраған ұсынысы қаралды.

Рақымшылық жасау туралы Заңның 2 бабының 1 бөлігінің негізінде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылатыны көзделген.

Әкімшілік жолмен шығарылып жіберу жазасы тағайындалды

30/01/2017

Шиелі аудандық сотында Өзбекстан Республикасының үш азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, Өзбекстан Республикасының азаматтары «Жібек жолы» бақылау өткізу бекетінен Қазақстан Республикасына келіп, ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушылар кінәларын толық мойындап, әкімшілік хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады.

Кәмелетке толмаған балаға темекі сатқаны үшін жаза тағайындалды

30/01/2017

Қазалы аудандық сотында  азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азаматша А. сауда орталығында кәмелет жасына толмаған Б-ға темекі сатқан.              

Сот қаулысымен азаматша А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,  оған 31 766 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Шиелі аудандық сотында Судьялық әдеп кодексін талқылау мақсатында семинар сабақ өткізілді

30/01/2017

Шиелі аудандық  сотында Судьялық Әдеп кодексін талқылау мақсатында семинар сабақ өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы М.Еркінбеков және судьялар қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы VII судьяларының сьезінде қабылданған  Судьялардың Әдеп кодексіндегі өзекті мәселелер сөз болды.