Архив событий

31/01/2017

Ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

31/01/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушыға айыппұл салынды.

Құқық бұзушы Г-ның  кәмелет жасына толмаған баласы А.  қоғамдық орында темекі шегіп, темекі қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сотта құқық бұзушы Г. кінәсін мойындап, айыппұл соммасын азайтуды сұрады.

Сотта брифинг өткізілді

31/01/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Кеңсе меңгеруші Қ.Сарсенбаева 2016 жылдың 12 айында сот судьяларымен қабылданған жекеше қаулылардың және дәлелсіз себептермен сот отырысына келмеген азаматтарды күштеп әкелу (мәжбүрлеп жеткізу) қаулыларының тиісті орындалмауы бойынша БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді. 

Қызылорда қалалық сотында брифинг өтті

31/01/2017

Қызылорда қалалық сотында жергілікті басылымдар тілшілерінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте судья Ж.Т.Сарбасова өзінің қарауында болған азаматтық іс бойынша хабарлама жасады.

Азаматтық іс құжаттарына сәйкес талапкер М. жауапкер О-мен заңды некелері бұзылғандығын айтып некеде тұрған уақыттағы ортақ мүліктеріндегі үлесін анықтауды және ортақ мүлік пен ортақ борышты бөлуді сұраған.

Іс қарау барысында жауапкер ортақ мүліктегі өз үлесінен толық бас тартатынын білдіріп дауды бітімгершілікпен шешуді сұрады.

ҚР ӘҚБтК-не өзгерістер мен толықтырулар жобасы талқыланды

31/01/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында облыстық және қалалық соттардың судьяларының қатысуымен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Қылмыстық сотта дөңгелек үстел өткізілді

31/01/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокуратура және ішкі істер департамент өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

«Қазақстан - 2050» Стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31/01/2017

Қармақшы аудандық сотының ұйымдастыруымен «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш шараға аудандық соттың қызметкерлері, прокуратура, ішкі істер бөлімі, аудан әкімі аппаратының өкілі, аудандық заң консультациясының адвокаты, пробация қызметінің өкілі және жергілікті БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Қармақшы аудандық сотының судьясы Л.Алибекова күн тәртібі бойынша дөңгелек үстелді алғы сөзімен ашып, өз баяндамасында «Қазақстан – 2050» стратегиясының басты аспектілеріне тоқталып өтті.

Тиісті құжатсыз газ құбырын жүргізген

31/01/2017

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  сотында  тиісті рұқсат құжатсыз газ құбырын жүргізген заңды тұлғаға қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Іс құжаттары бойынша «А.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі газ құбырын жерге тиісті рұқсат құжатсыз жүргізіп, заңсыз құрылыс салған.

Құқық бұзушы  «А.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабымен кінәлі деп танылып, заңсыз тұрғызылған құрылыс объектісін мәжбүрлеп бұза отырып, оған 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл  салынды. 

Заң түнгі уақытта алкоголь өнімін сатуға тыйым салады

31/01/2017

Арал аудандық сотында азаматша Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн бөлшек сауда арқылы өткiзгендерге, этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзгендерге әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сот қызметкерлеріне семинар сабағы өткізілді

31/01/2017

Қызылорда  қаласының  мамандандырылған  әкімшілік соты қызметкерлерінің қатысуымен «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Қармақшы аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

31/01/2017

Қармақшы аудандық сотында «Айыппұлдардың және сот шығындарының орындалу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға прокуратура, ішкі істер бөлімі, аудан әкімі аппаратының өкілі, аудандық заң консультациясының адвокаты, пробация қызметінің өкілі және жергілікті БАҚ-ның өкілдері, Қармақшы ауданының аумақтық бөлімі филиалының өкілі, жеке сот орындаушылар қатысты.

Дөңгелек үстелді Қармақшы аудандық сотының судьясы Л.Алибекова жүргізді.

«Ашық есік күні» өтті

31/01/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өтті. Қабылдауды сот төрағасы М.Ш.Ибрашев жүргізді.

«Ашық есік күніне» Қызылорда қаласының жастарымен жұмыс Ресурстық орталығында қызмет атқаратын жастар қатысты.

Сот төрағасы «Ашық есік күні»  шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетін арттыру, халықтың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіліп отыратындығын атап өтті.