Архив событий

09/01/2017

Рақымшылық актісі қолданылып, жазадан босатылды

09/01/2017

2016 жылдың 13 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бас жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, аталған Заң алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданыста.

Рақымшылық жасау туралы Заңның 2-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылатыны көзделген.

Сотталушыға айыптау үкім жарияланды

09/01/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен (атыс қаруды заңсыз сақтап, тасымалдап, алып жүру), 24-бабының 3-бөлігімен (адам өлтіруге тура бағытталған оқталу), 99-бабының 2-бөлігінің 9-тармағымен (бұзақылық ниетпен адам өлтіру) айыпталған 27 жастағы сотталушы Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі жарияланды.

Баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін айыппұл салынды

09/01/2017

Бала тәрбиесі-бұл әрбір ата-ананың міндеті, оның өсіп-жетілуі мен болашағына жауаптылығы. Баланың болашақ тағдыры көптеген жағдайда ата-анасына байланысты. Бала қағылез, жоғары мәдениетті болып ер жетуі үшін ата-ананың өздері өнеге болуы тиіс. Бірақ, ата-аналардың барлығы бірдей баланы тәрбиелеу мен өсіп-жетілдіру жөніндегі өз міндеттерін тиісінше орындамай жатады.

Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған азаматша Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы әкімшілік жазаға тартылды

09/01/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Ж. кәмелетке толмаған ұлы А-ға  түнгі уақытта мектеп ауласында заңды өкілінің  еріп  жүруінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде  болуына жол берген, сөйтіп ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Сотта жедел кеңес өткізілді

09/01/2017

Сырдария аудандық сотының судьялары мен сот мамандарының қатысуларымен жедел кеңес өткізілді.

Сот төрағасы А.Абдулла жедел кеңесті ашып, істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері, материалдық, процессуалдық заң нормаларының қолданылуы, сот актілерінің жазылу сапасы және сот актілерінің орындалу барысына тоқталды.

Шара барысында сот істерін қарау кезіндегі мерзімдерінің сақталуын қатаң қадағалауды және баспасөз құралдары өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жасауды тапсырды.

Бөтен мүлікті жасырын ұрлаған

09/01/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен азамат Л-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Л. Арал теңізі станциясының темір жол вокзалында, жәбірленуші З-ның қалтасындағы ұялы телефонын жасырын жымқырып, оған 109 980 теңге мүліктік залал келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен және сотта өзінің айыбын мойындап берген жауабымен толық дәлелденген.

Сотта жәбірленуші З. келтірілген мүліктік залалдың толық қалпына келтірілгенін, сондықтан, қылмыстық істі тоқтатуды сұрап өтініш білдірген.

Сот үкімімен бас бостандығынан шектелді

09/01/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық істі қарап, үкім жариялады.

Кәмелетке толмаған сотталушы Ж. жәбірленуші К-ға намысына тиетін сөздер айтып, ұрып, жәбірленуші К. сотталушы  Ж-ны  жерге құлатқан кезде, сотталушы Ж. пышақпен жәбірленушінің сол жақ қабырға тұстарына бірнеше мәрте ұрып, жәбірленушінің денсаулығына қасақана «ауыр»  дәрежелі зиян келтірген.

Хабарландыру, мемлекеттік қызметшілер арасында ішкі конкурс

09/01/2017

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін  қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты  аппаратының) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі, 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29, анықтама телефондары:

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

09/01/2017

Талапкер «Қ» мемлекеттік мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «Д» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2016 жылдың 8 тамызында тараптар арасында келісім шарты жасалған. Келісім шартқа сәйкес тауарды тапсырыс берушінің өтінімі бойынша 07.09.2016 жылға дейін жеткізуге міндеттенген.

Алайда, жеке кәсіпкер «Ж» 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап келісім шартта көзделген міндеттемелерін орындаудан бас тартатыны жөнінде тапсырыс берушіге хат жіберіп,өз міндеттемесін орындамаған.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

09/01/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясы сот билігінің абыройын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық және айқын өзара әрекет орнату және әкімшілік заңнама нормаларын халыққа жеткізу мақсатында өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталды.