Архив событий

25/01/2017

Сотта «Ашық есік күні» өткізілді

25/01/2017

2017 жылдың 23 қаңтар күні, Қызылорда облыстық сотымен бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 

Қабылдауға келген қала тұрғыны А.Жолдасова осы сотпен қаралып, сотталған баласына қатысты үкімде көрсетілген мемлекет пайдасына сот шығындарын қалай өтеуге болатындығы жөнінде сұрақтарын қойды.

Қабылдауды жүргізген сот төрағасы С.Б.Сүлеймен азаматша А.Жолдасова қойған сұрағына толық жауап берді.

Қызылорда қалалық сотында семинар сабағы өткізілді

25/01/2017

Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатов судьялардың қатысуымен ҚР Судьялар Одағы Қызылорда филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында А.Бабатов Тәуелсіздік жылдарындағы судьялар әдебі нормаларының бекітілуінің тарихына тоқталды. Сондай-ақ, 2016 жылдың 21 қарашасында өткен республика судьяларының VII съезінде қабылданған судьялардың жаңа әдеп кодексінің талаптарына тоқталды.

Техникалық аппараттарды сот ғимаратында пайдалану мәселелері талқыланды

25/01/2017

Қармақшы аудандық сотында құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдар, комерциялық ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар арасында «Сот ғимаратында техникалық аппараттарды (бейнекамера, дыбыстық таспа, смартфон, планшеттерді және т.б.) пайдалануын» түсіндіру мақсатында семинар өткізілді.

Семинар жұмысын алғы сөзбен Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев ашты.

Қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

25/01/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сабыров, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Сотталушы танысының әскерден келгенін достарымен бірге атап өтіп, бір танысымен сөзге келіп, оны өзімен алып жүрген пышағымен денесінің өміріне қауіпті сол жақ кеуде тұсынан қасақана ауыр жарақат салған. Алған жарақатынан жәбірленуші ауруханада ота жасау үстінде қайтыс болған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдерінің  қойған сұрақтарына жауап берді.

Шиелі аудандық сотында брифинг өтті

25/01/2017

Шиелі аудандық сотында «Өскен өңір» газетінің тілшісінің қатысыуымен иелену мерзімінің ескіруі туралы мәселелер бойынша брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Шиелі аудандық сотының судьясы А.К.Жолдыбаев иелену мерзімінің ескіруі негізі бойынша мүлікке меншік құқығын алу көзделген Азаматтық Кодекстің нормаларын, оның негізгі критерийлерін,   мүлікті иеленудің  мерзімдері туралы, мүлікті адал, ашық және үнемі иелену маңызы туралы айтып өтті. Аудандық сотта қаралған азаматтық істер бойынша нақты мысалдар келтірілді.

Талап қанағаттандырылды

25/01/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы Ж-ның жауапкер С-дан қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер С. 2014 жылдың 11 мамырында талап қоюшы Ж-дан қарызға 3 412 200 теңге ақша алған. Жауапкер ол жөнінде өз қолымен жазып, қолхат берген. Бірақ, талап қоюшының бірнеше мәрте сұрағанына қарамастан, жауапкер қарыз ақшасын қайтармаған.

Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды

25/01/2017

Талапкер «Қ» мемлекеттік мекемесі сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «М» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұраған.

Іс құжаттарынан анықталғандай, талап қоюшы «Қ» ММ-мен 06.10.2016 жылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жалпы құны 1 382 254 теңгеге бейнебақылау камераларын орнату қызметін сатып алуға хабарлама берілген.

Сот әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады және құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қойды

25/01/2017

Шиелі аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілік ісіті қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. өз жұбайына қатысты бірнеше рет құқыққа қарсы іс-әрекет жасап, тіл тигізген. Азамат А-ға Шиелі аудандық АІІБ-мен тыйым салу талаптарына қарамастан құқыққа қарсы қасақана әрекет жасап, осы нұсқаманы бұзып, масаң күйде болып, өз жұбайына күш көрсетумен қорқытып, былапыт сөйлеген.  

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындады

25/01/2017

Сырдария  аудандық сотында құқық бұзушы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы А. Тереңөзек кенті, Керейтбаев көшесінің бойына коммуналдық қалдықтарды, яғни қорасынан шыққан қоқысты белгіленбеген орынға тастап, ортақ пайдалану орынын ластағаны анықталды.

Сот қаулысымен, азамат А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 АЕК мөлшеріндегі 22690 теңге айыппұл сомасы 30 % қысқартылып, 15883 тенге көлемінде айыппұл салынды.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

25/01/2017

Қармақшы аудандық сотында Р-ға қатысты әкімшілік ісі  қаралды.

Құқық бұзушы Р. Жосалы кетінде автокөлігін масаю күйінде басқарған.

Сот қаулысымен Р., ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ол 3 /үш/ жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды

Қаулы заңды күшіне енген жоқ  

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

25/01/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігінің 3 тармағымен айыпталған Б-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Б. Арал қаласында орналасқан қонақ үйде күзетші болып жұмыс істеп, 15 желтоқсан 2016 жылы таңғы сағат 05:30 шамасында, бөтен мүлікті жасырын ұрлау мақсатында азамат Ж-ның жалға алған бөлмесіне заңсыз кіріп, жәбірленушінің көйлегінің қалтасынан 320 000 теңге ақшасын жасырын ұрлаған.