Архив событий

13/01/2017

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (С-О-5), (C-R-4 санаттары) әңгімелесуге жіберілген үміткерлер тізімі

13/01/2017

2017 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің құжаттарын қарау және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

 

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген азаматтар тізімі:

Қызылорда облыстық сотында баспасөз қызметін үйлестіруші судьялар мен баспасөз хатшылары арасында семинар-тренинг өтті

13/01/2017

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында баспасөз қызметін үйлестіруші судьялар мен баспасөз хатшылары арасында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингке облыстық соттың, баспасөз қызметін үйлестіруші судьялар Шолпан Маликова, Артур Наримов, облыстық соттың ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі, аудандық және оған теңестірілген соттардың баспасөз қызметін үйлестіруші судьялары мен баспасөз хатшылары қатысты.

Жаңақорған аудандық сотымен 2016 жылдың қорытындысымен баспасөз конференциясы өткізілді

13/01/2017

Жаңақорған аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз  конференция өтті.

Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы Н.Қосанов,  аудандық сот судьялары А.Бекботаев, Б.Елшібеков, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Н.Байгенже қатысты.

Кеңсе меңгерушісі жедел кеңес өткізді

13/01/2017

Қызылорда қалалық сотының кеңсе қызметкерлерінің арасында соттың кеңсе меңгерушісі А.Кульманова жедел кеңес өткізді.

Жедел кеңесте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен жолданған жадынама мен нұсқама жан-жақты талқыланды.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының жадынамасы Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары мен мемлекеттік қызметшілердің орындауы тиіс негізгі әдептілік талаптарын белгілейді.

Қызылорда қаласының №2 сотында баспасөз конференциясы өткізілді

13/01/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың  12 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференция өткізілді.

Судья брифинг өткізді

13/01/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының залында БАҚ өкілдеріне судья Қ.Бержанов 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс жайлы баяндады.

Шара барысында судья өткен жыл ішінде сот өндірісіне  51 адамға қатысты 38 қылмыстық іс, 583 талап арыз (арыз),  және 252 әкімшілік құқық бұзушылық істері түскенін атап өтті.

Депутатпен кездесу өтті

13/01/2017

Қызылорда облысының Әділет Департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Т.Кесебаевамен дөңгелек үстел басында кездесу өтті.

Кездесуде мемлекет басшысының «100 қадам» Ұлт Жоспарының 27-ші қадамында қойылған жеке сот орындаушылар институтын жетілдіру туралы тапсырмасының орындалуына қатысты сұрақтар талқыланды.

Кездесуге Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.М.Бабатов пен судья К.Ә.Сәдуақасовалар қатысты.

Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған

13/01/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 611 бабының 2 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Д. автокөлігін басқарып келе жатырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, «Ауди 80» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жол қозғалысы ережесінің 2.1.8 тармағын бұзып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін әкімшілік жаза тағайындалды

13/01/2017

Қазалы аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Б қарындасы Ж-ға балағат сөздер айтып, мазасын алып, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық көрсететін әрекетін әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталағап, ішкі істер органымен шығарылған қорғау нұсқамасын бұзып,  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігінде, 461-бабында  қаралған әкімшілік құқық бұзушылықтарды  жасаған.

Қазалы аудандық сотында 2016 жылдың 12 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

13/01/2017

      Қазалы аудандық  сотының төрағасы Қ.Темірбаев 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы туралы жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізді.

       Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталды.

Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу өткізілді

13/01/2017

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Парламентінің мәжіліс депутаты Кесебаева Балайым Туғанбайқызымен кездесу өткізілді.

Іс-шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы, алқа төрағалары, судьялар, қала орталығында орналасқан соттардың төрағалары мен судьялары және БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков өз сөзінде Ұлт Жоспарының сот жүйесін реформалауға қатысты қадамдарының іске асқанын атап көрсетті.