Архив событий

16/01/2017

Бейнебайланыс жүйесі арқылы «Заңдылық» жобасы таныстырылды

16/01/2017

Бүгін бейнебайланыс жүйесі арқылы Жоғарғы Сотта Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми мен Бас прокурор Жақып Асановтың қатысуымен «Заңдылық» атты сот пен прокуратураның ақпараттық-талдамалық жүйесі жобасының таныстырылымы өтті.

Шараға бейнебайланыс арқылы Қызылорда облыстық сотының төрағасы, алқа төрағасы, өңірлік прокурорлар, соттар әкімшісі басшылығы қатысты.

Қылмыстық сот 2016 жылдың 12 айын қорытындылады

16/01/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясы өткізілді.

Рақымшылық жасау туралы Заң қолданыста

16/01/2017

2016 жылдың 12 қаңтарында Шиелі аудандық сотында «Рақымшылық жасау туралы Заң қолданыста» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың судьялары, аудандық прокуратура, пробация қызметі бөлімі, ЗК-169/4 мемлекеттік мекемесінің өкілдері және заң консультациясының адвокаттары қатысты.

Заем шарты бойынша несие қарызы ішінара өндірілді

16/01/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы «А» ЖШС-нің жауапкер О-дан несие қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы «А» ЖШС-гі сотқа талап арызбен жүгініп, несие алушы тарапынан шағын несие сомасын қайтару туралы міндеттемелер тиісті түрде орындалмауы себепті, жауапкер О-дан 17.11.2015 жылғы шағын несие шарты бойынша 264 493 теңге несие қарызын өндіруді сұраған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 272 бабының талабына сәйкес,  мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс.

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

16/01/2017

2017 жылы қаңтар айының 23 жұлдызында сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды. 

Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

16/01/2017

Шиелі аудандық сотында «Шарайна Сейхун» газетінің тілшісі Б.Маденовтың қатысуымен «Сот жүйесінің БАҚ-мен бірлесіп жұмыс атқару» тақырыбына брифинг өтті.

Брифинг барысында сот төрағасы М.Еркінбеков қоғамның демократияландыру процесінде бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығын, мемлекеттік билік органдары ашықтығын күшейту, сондай-ақ тілшінің сот процесстерін ашықтығын көрсету және сот ақпаратын алу  кезіндегі    құқықтары туралы  айтып өтті.

Әйел адамға қатысты айыптау үкімі шығарылды

16/01/2017

2017 жылдың 12 қаңтары күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған (адам өлтіру) 44 жастағы әйел сотталушы А-ға  қатысты айыптау үкімі жарияланды.

Жүргізушінің салғырттығынан жол көлік оқиғасы орын алды

16/01/2017

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы О-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы О.  автокөлігін басқарып келіп, көше қиылысында Қазақстан Республикасы жол жүрісі қағидаларының 13. 11- бөлігін сақтамай, қозғалыс жасап келе жатырған А-ның басқаруындағы автокөлігіне жол бермей соқтығысқан.

Құқық бұзушы О. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған он айлық есептік көрсеткіш көлемінде 22690 теңге айыппұл салынды.

Тыйым салынған заттарды бергені үшін жауаптылыққа тартылды

16/01/2017

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  сотында  құқық  бұзушы «Б» -ға қатысты  ҚР  ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен  әкімшілік  іс  қаралды.

Құқық бұзушы Б-дан тергеу қамауында жатқан М-ға алып келген азық түліктерінің ішінен ақша, Beeline сим картасы, ұялы телефон және 1 пачка алмас табылған.

Құқық бұзушы Б. ҚР ӘҚБтК-нің   481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.

Алимент мөлшерін азайту туралы талап арыз қанағаттандырылды

16/01/2017

Талап қоюшы А. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына  талап арыз беріп, онда жауапкер  Б.  арасындағы  заңды  неке   сот шешімімен  бұзылғанын, сот бұйрығымен екі балаға барлық табысының 50 пайызы мөлшерінде жауапкердің пайдасына алимент өндіріліп жатқанын, заң талабына сәйкес екі  баласын  асырап  бағу  үшін айлық табысының 33 пайызы мөлшерінде алимент ұсталуы тиіс екенін көрсетіп, соттан жауапкер Б-ға төленетін алимент мөлшерін азайтуды сұраған.

Талап қою мерзімінің өтіп кетуіне байланысты талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

16/01/2017

Қармақшы аудандық сотында банктік займ шарты бойынша берешекті өндіру жайлы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, «Альянс-Банк» АҚ-ы мен жауапкер С. арасында несие шарты жасалған.

Жауапкер сотқа жазбаша түсінік беріп, онда талап арызбен келіспейтінін және талап қою мерзімінің өтіп кетуіне байланысты талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Сот шешімімен талап қоюшы «Finance арнаулы қаржы компаниясы» ЖШС-нің жауапкер С-дан банктік займ шарты бойынша өндіру туралы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 12 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

16/01/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өткізілді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дауренбеков қатысушыларға 2016 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында барлығы 4177 азаматтық істердің қаралғанын, оның ішінде 3632 іс бойынша шешім шығарылғанын атап өтті.