Архив событий

04/01/2017

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

04/01/2017

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Шараға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Брифинг барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен қаралған О-ның қылмыстық ісі бойынша мәлімет берді.

Мемлекеттік мекеменің әрекетіне дау айту туралы талап арыз қанағаттандырылды

04/01/2017

         Қазалы аудандық сотында талап қоюшы У-дың жауапкерлер Қазалы ауданы әкімдігі, Қазалы аудандық тұрғын үй комиссиясы және Қазалы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемелерінің әрекеттеріне дау айту туралы азаматтық ісі қаралды.

Байқоңыр қалалық сотында «Гендерлік саясат: қоғамдағы әйел теңдігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

04/01/2017

Байқоңыр қалалық сотында «Гендерлік саясат: қоғамдағы әйел теңдігі» тақырыбында  семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараға қалалық сот судьясы Е.Шевцова, адвокат Б.Исакова, кеңсе меңгерушісі А.Жұбатханов және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар-тренингте қалалық сот судьясы Е.Шевцова баяндама жасап, өз баяндамасында: «Гендерлік саясат қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет. Гендер ұғымы қоғамдық өмірде тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық  ерекшеліктерін қорғайтынын», - атап өтті.

Пікір білдіріңіздер!

04/01/2017

Сот беделін көтеру, олардың жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету, Қызылорда облыстық соты судьялыққа кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу мақсатында тұрғындар  назарына төмендегі тізім бойынша кандидаттарды ұсынады.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес қылмыстық іс тоқтатылды

04/01/2017

Қармақшы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотталушы Л-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қармақшы АІІБ-нің қызметкерлері автобус аялдамасында жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шарасы барысында, 2016 жылдың желтоқсан айының 06 күні, сағат 19.40 минут шамасында, кафе жанында азамат Л-ны тоқтатып тексеру барысында, оның үстіне киген сұр түсті сырт киімінің сол жақ  қалтасынан целофан пакетіне салынған  өзіне тән ерекше иісі бар есірткі тәріздес өсімдік зат айғақ ретінде алынған.

Сот медиатор көмегімен некені сақтап қалды

04/01/2017

Арал аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер М-мен арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы талап арызында, жауапкермен 2000 жылдан бері заңды некеде тұратынын, осы некеден кәмелетке толмаған үш балаларының бар екенін, жауапкермен дәм-тұзы жараспауынан отбасын сақтау мүмкін еместігін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

Қарыз ақша өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

04/01/2017

Қармақшы аудандық сотында талап арыз бойынша қарыз сомасын және мемлекеттік  баж өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер Т. талап қоюшыдан 2015 жылдың желтоқсан айында 2 214 000 теңге қарызға ақша алған және 1 ай мерзімде  қайтарып беретіндігі жайлы қолхат берген. Алайда, жауапкер Т. алған қарыз ақшасын өзі көрсеткен уақытысында қайтармағаны анықталды.