Архив событий

10/01/2017

Сырдария аудандық сотында 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

10/01/2017

         Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Сырдария аудандық сотының төрағасы      А.Абдулла 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

         Баспасөз конференциясына аудандық сотының судьялары мен жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің өкілдері қатысты.

         Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

«Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының жаднамасы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

10/01/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен сот қызметкерлері арасында «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының жаднамасы» тақырыбында  семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараны кеңсе меңгерушісі А.Әбілқасымқызы ашып, сөз кезегін баянадамашыға берді.  

Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

10/01/2017

Шиелі аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен айыпталған сотталушылар  М. мен Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушылар М. және Е. адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласуы бойынша қоймаға заңсыз кіру арқылы ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, жәбірленуші Б-ның мүліктерін ұрлап, жәбірленушіге 195000 теңге материалдық залал келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Қызылорда облысының сот корпусы жаңадан тағайындалған судьялармен толықты

10/01/2017

Бүгін Қызылорда облыстық сотының жалпы отырысында облыстық сот төрағасы Нұрлан Қайырбеков ұжымға жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 399 Жарлығымен Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы лауазымына Жәкеева Жұлдыз Жақсыбайқызы, Қармақшы аудандық сотының судьясы лауазымына Құтыбаев Ермек Рахымұлы тағайындалды.

Сот шешімімен алимент мөлшері төмендетілді

10/01/2017

Талап қоюшы М. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотына  талап арыз беріп, онда жауапкер  Ж-ның  пайдасына  кәмелетке толмаған  бір баласын  асырап  бағу  үшін барлық  табысының 1/4 бөлігі  мөлшерінде, жауапкер Г-ның пайдасына кәмелетке толмаған екі баласын  асырап  бағу  үшін барлық  табысының  1/3  бөлігі  мөлшерінде,  барлығы 58 пайыз көлемінде алимент төлеп отырғанын, заң талабына сәйкес алимен мөлшері 50 пайыздан аспауы керек екенін көрсетіп, жауапкерлер Ж.

Қармақшы аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

10/01/2017

Қармақшы аудандық  сотында 2017 жылдың 13 қаңтар күні сағат 10:00 мен 12:00 аралығында «Ашық есік күні» өтеді.

«Ашық есік күніне» кез-келген азамат немесе заңды тұлғаның өкілі қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қоя алады.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот төрелігінің деңгейін арттыру болып табылады.

Қатысушылар қосымша ақпарат алу үшін 8(72437)2-29-95 номеріне хабарласуына болады.

Масаю күйінде көлік құралын басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

10/01/2017

Қармақшы аудандық сотында айыпталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, айыпталушы Б., 2016 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 2-бөлігімен 1 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан Жосалы кентінде автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Басты сот талқылауында айыпталушы Б. өз кінәсін толық мойындаған.

Сот үкімімен Б. ҚР ҚК-нің 346 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып 3-жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 53 025 теңге айыппұл салынды.