Архив событий

17/01/2017

2016 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты

17/01/2017

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2016 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді

17/01/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Медиация және бітімгершілікпен аяқталған істер» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифинг барысында бас маман Г.Салимова статистикалық мәліметтерге тоқталып, қатысушыларға 2016 жылдың 12 айында 33 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен және 24 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылғанын, осы азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж сомалары мемлекеттік бюджеттен талапкерлерге қайтарылғанын атады.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алу жазасы тағайындалды

17/01/2017

Арал аудандық сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат С. Арал аудандық сотының 8 тамыз 2006 жылғы сот бұйрығымен өндіріп алушы Б-ның пайдасына алимент төлеуге міндеттенген. Құқық бұзушыға сот орындаушысымен бірнеше мәрте сот актісін орындау жөнінде ескертулер берілгенімен, сот актісін орындамаған.

Сот отырысында, құқық бұзушы кінәсін мойындап, тұрақты жұмысы болмағандықтан, алимент төлеуге мүмкіндігі болмай жүргенін көрсеткен.

Заңсыз қару тасымалдаған

17/01/2017

Қазалы аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс-құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. ішкі істер органдарына тіркелмеген тегіс ұңғылы қару мен олардың оқтарын заңсыз алып жүріп, тасымалдаған.

Сот қаулысымен азамат Т. ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 29694 теңге айыппұл салынды. Айғақты зат аңшы мылтығы және құралдары  мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды

17/01/2017

Жаңақорған аудандық сотында азаматша А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Ол, 2016 жылдың желтоқсан айында Жаңақорған кенті, Аманкелді көшесімен келе жатып, өзінің алдында бір бағытта келе жатқан белгісіз автокөліктен озу мақсатында жолдың қарама қарсы бағытына шығып, қарсы бағытта келе жатқан жәбірленуші А-ның автокөлігіне соқтығысып, мүліктік шығын келтірген.

Сот отырысында құқық бұзушы А. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасынан үзінді (17.01.2017 ж.)

17/01/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

 

1.Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы  (С-О-5 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

Задаева  Алтын  Саруарбековна;

2.Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы  (С-О-5 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

17/01/2017

2017 жылдың 26 қаңтарында сағат 16:00 ден 18:00 аралығында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күніне» тілек білдіруші барлық қала тұрғындары қатысып, сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сот  төрелігінің  қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Тәртіп сақшысы көлік құралын басқару құқығынан айырылды

17/01/2017

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен Қызылорда қаласының ІІБ ЖПҚ ЖППБ полициясы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс құжаттарымен Қызылорда қаласының ІІБ ЖПҚ ЖППБ полициясы А. Қызылорда қаласы, Жібек Жолы көшесінің бойында қызметтік автокөлігін есірткілік масаң күйінде басқарған. Анықталған құқық бұзушылығы бойынша Қызылорда ОІІД-нің полиция қызметкерімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы толтырылған.

Сотта дөңгелек үстел өтті

17/01/2017

Қызылорда қалалық сотында   «Сот актілерінің орындалуы. Электрондық атқару парақтарын жолдау және тіркеу барысында туындайтын мәселелер»  тақырыбында  дөнгелек үстел   өтті.

Іс-шараға соттың кеңсе меңгерушісі, сот отырысының хатшылары, қалалық прокуратура өкілдері, сот  орындаушылар қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысының барысында  кеңсе меңгерушісі хабарлама жасап, сот актілерінің орындалу мәселелеріне баса назар аударды. Сот шешімдерінің тез және сапалы орындалуына қарай азаматтардың сот жүйесіне деген сенімі қалыптасатындығы жөнінде айтып өтті.  

Өзбек азаматшасы әкімшілік жолмен республика шегінен шығарылды

17/01/2017

Құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматшасы Х. 12.10.2016 жылы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, ішкі істер органдарына уақытша тіркеуге тұрып, алайда пайда табу мақсатында Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесінің бойында қайыршылықпен айналысып жүрген жерінен ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы толтырылған.