Архив событий

05/01/2017

Қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

05/01/2017

Талап қоюшы «А» акционерлік қоғамы сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер «Ж» жеке кәсіпкерінен 1 026 801 теңге қарызды өндіруді сұраған.

Іс құжаттарына сәйкес,  2014 жылдың 26 қарашасында тараптар арасында несие беру туралы шарт жасалған. Шарт бойынша талап қоюшы жауапкерге 2016 жылдың 26 қарашаға дейін 10 бас мүйізді ірі қара сатып алу үшін  2 000 000 теңге сомасында несие берген.

Алайда, жауапкер шарт бойынша өз міндеттемесін бүгінгі күнге дейін орындамаған.

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібі негізінде татуласты

05/01/2017

Сырдария аудандық сотында талапкер М. мен жауапкер К. екеуінің араларындағы некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен реттелген бітімгершілік келісімін бекіту туралы талап қойып, медиативтік келісімнің талаптары бойынша тараптар сотпен белгіленген мерзімде бір-бірімен татуласып, бір отбасы болып тұрып жатқандары анықталды.

Әкімшілік іс тоқтатылды

05/01/2017

         Қазалы аудандық сотында азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

         Іс құжаттарына сәйкес, азамат М-ға өзінің басқаруындағы  автокөлігімен, артында келе жатқан азамат Е-ның басқаруындағы автокөлігіне соғып,  соңғыға материалдық зиян келтіріп, жол көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған деген негізбен ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Арал аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 453 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған

05/01/2017

Арал аудандық соты 2016 жылдың 12 айында қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабында көзделген ұсақ бұзақылық әрекеттерін жасаған 453 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты іс өндірістен тоқтатылды

05/01/2017

        Қазалы аудандық сотында азамат К-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

        Іс құжаттарына сәйкес, жолаушылар поездында азамат К-ге қоғамдық көлікте алкогольдік өнім ішкен адамның қадір қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретіндей мас күйінде жүрген деген негізбен ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жолданған.

Қарыз сомасын өндіру қанағаттандырусыз қалдырылды

05/01/2017

Сырдария аудандық сотында талап қоюшы «Finance»» ЖШС-нің жауапкер С-дан банктік қарыз шарты бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, «Finance» ЖШС-гі сотқа талап қою арызымен жүгініп, онда «Альянс Банк» АҚ-ы мен жауапкер С. арасында жасасқан 29.06.2007 жылғы банктік қарыз шарты бойынша жауапкерден 350427 теңге қарызын және 10513 теңге баж шығындарын өндіруді сұраған.

Сотта азаматша С. талапты мойындамай, талапты қою мерзімі өтіп кеткенін көрсетіп талапты қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.