Архив событий

24/01/2017

8 жылға бас бостандығынан айырылды

24/01/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айыпталған 21 жастағы сотталушы Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі жарияланды.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында брифинг өткізілді

24/01/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен  брифинг өткізілді.

Брифинг барысында бас маман Л.Карибаева қатысушыларға «Мемлекеттік сатып алу заңнамасының» қағидалары мен негізгі талаптарын түсіндірді.

Кәмелетке толмаған бала мектеп интернатына жолданды

24/01/2017

Қызылорда қалалық  ішкі  істер  басқармасы  Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына  арыз беріп, онда  кәмелетке толмаған Ж-ның  сабақтан  себепсіз  көп  қалатынын,  қаңғыбастыққа  салынғандығын, оқуға  ынтасы  төмен  екенін, мектептің тәртібіне  бағынбайтынын, қазіргі таңда үйінен  қайтадан  кетіп  қалып,  осы  кезге  дейін  табылмай  отырғанын, баланың  анасы  оны  девиантты  мінез-құлықты  балаларға  арналған  мектеп-интернатына  жолдауға  қарсы  емес  екенін  көрсетіп,  кәмелетке толмаған Ж-ны  девиантты мінез-

Аудандық сотта «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

24/01/2017

Сырдария аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына тергеу судьясы Ж.Жолдасов, аудан прокурорының көмекшісі Н.Таңбаев, адвокат Қ.Жаппасбаева, аудандық ІІБ-ның тергеушілері қатысты.

Тергеу судьясы Ж.Жолдасов өз баяндамасында Қазақстан Республикасы ҚПК 55-56 баптарында көзделген тергеу судьясының өкілеттігі жөнінде нақты баяндап берді. Сондай-ақ, тергеу әрекетінің  қолдаухатты санкциялау материалдарының қаралу тәртібі және мерзімдерін айтып өтті.

Жаңақорған аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңы бойынша семинар сабағы өтті

24/01/2017

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне 25 жылдығына рақымшылық жасау туралы» Заңын талқылау мақсатында семинар өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрғасы мен судьялары, кеңсе қызметкерлері, аудандық прокуратура өкілі, аудандық пробациялық қызметінің қызметкерлері мен аудандық заң кеңесінің адвокаттары қатысты.

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті

24/01/2017

Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Ә.Сәдуақасова қабылдады.

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Сонымен бірге, шараның міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдері мен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Дау медиация тәртібімен шешімін тапты

24/01/2017

Қармақшы аудандық сотында зиян өндіру жайлы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы А. жауапкерлер Ә. және Н-дан 22 500 теңге келтірілген зиянды өндіруді сұраған талаппен сотқа жүгінген.

Сотта, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді сұрап, өз еріктерімен келісіміге келгендерін көрсеткен.

Сот ұйғарымымен, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Ата-ана әкімшілік жазаға тартылды

24/01/2017

Құқық бұзушы Ч. кәмелетке толмаған ұлы А-ны 23 сағат 20 минут шамасында қаланың орталық алаңының маңайында заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде болуына жол берген, сөйтіп Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Қызылорда обылсының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының қаулысымен құқық бұзушы Ч. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22270 теңге айыппұл салынды.