Архив событий

18/01/2017

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

18/01/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен БАҚ өкілдерінің сот ғимаратына кіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының хатында көрсетілген тапсырманы орындау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

19.01.2017 жылы сағат 16.00-де Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында өткізілетін дөңгелек үстелге Қызылорда қаласында орналасқан барлық БАҚ өкілдері және Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері шақырылады.

Автокөлік жүргізу құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды

18/01/2017

Жалағаш аудандық сотымен  азамат М-ға қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Құқық бұзушы М. автокөлігін Қызылорда-Жалағаш тас жолы Талсуат елді мекені тұсында алкогольдік масаң күйде басқарған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған деп әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша кінәсі толық дәлелденіп, автокөлікті жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталған.

«Ашық есік күні» өткізілетіні хабарланады

18/01/2017

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігін атқару барысында азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қорғау мақсатында Шиелі аудандық сотында 2017 жылдың 27 қаңтары күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін "Ашық есік күні" өткізіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды  сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты қатысты сұрақтарымен Шиелі аудандық сотының төрағасы қабылдайды.

БАҚ өкілдерімен дөңгелек үстел өтті

18/01/2017

Сырдария аудандық сотында БАҚ үйлестіруші судья Ж.Жолдасов «БАҚ өкілдерінің соттарға техникалық құралдарымен кіруінің тәртібі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев, аудан прокурорының көмекшісі Н.Танбаев, аудандық МКҚБ-ның полиция қызметкері Б.Әлдібайұлы және «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Е.Беркінбаев қатысты.

Судья Ж.Жолдасов БАҚ өкілдеріне соттарға техникалық құралдарымен кіру және сот отырысында қолдану тәртібі  бойынша түсіндірмелер берді.  

Кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты үкім шығарылды

18/01/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы А-ға үкім жарияланды.

Кәмелетке толмаған сотталушы А. өзінің танысы П-мен дүкен маңайында жәбірленуші М-ны кездестіріп, онымен ерегісіп қалған. Осы сәтте кәмелетке толмаған сотталушы А. жәбірленуші М-ны ұрып, өзінің жиналмалы пышағымен жәбірленушіге дене жарақатын салып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Медиация тәртібімен дау реттелді

18/01/2017

Шиелі аудандық соты талап қоюшының қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.

Істі қарау барысында, тараптар өз құқықтарын пайдалана отырып, медиация тәртібінде дауды реттеуге ниет білдірген.

Келісімнің шарттары бойынша, талап қоюшы З. өзінің талап арызынан бас тартып, жауапкер Ж. талап қоюшыға 346 000 теңге қарызын 27.10.2017 жылға дейін төлеуге міндеттенді.

Арал аудандық сотында 70 азаматтық іс татуластыру рәсімдері тәртібімен қаралды

18/01/2017

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 174 бабына сәйкес, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап, не Азаматтық процестік Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Рақымшылық актісі қолданылып, жазадан босатылды

18/01/2017

Сырдария аудандық сотында аудандық пробация қызметінің Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген онша ауыр емес қылмысты жасаған сотталушы Б-ны Рақымшылық жасау туралы Заңның 2 бабының 1 бөлігінің негізінде жазадан босатуды сұраған ұсынысы қаралды.

 Рақымшылық жасау туралы Заңның 2-бабының 1-бөлігінің негізінде қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдар жазадан босатылатыны көзделген.

Қызылорда қалалық сотында жедел кеңес өтті

18/01/2017

Қызылорда қалалық соты төрағасы А.Бабатов судьялардың қатысуымен жедел кеңес өткізді.

Жедел кеңесте судьялар азаматтық істердің кейбір санаттарын қарау барысында туындайтын мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, азаматтардың салық бойынша берешектерін өндіру туралы азаматтық істер бойынша талап қою арыздарын қарау, сот қаулыларын қабылдау және оларды орындауға жолдау бойынша сұрақтар талқыланды.

Мейрамхана қызметі тоқтатылып, айыппұл салынды

18/01/2017

Қызылорда қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен тексеру тағайындау туралы актісіне сәйкес, дара кәсіпкер Т-ға берілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым талаптарының орындалуына бақылау жүргізілген.    

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

18/01/2017

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Д.Алиев сотта қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарымен сотталушы Ш. танысы Е-нің үйіне барып, қонатын жері жоғын айтып, сол үйде қонып қалған. Содан, үй иесі С-ның кетіп бара жатқанын, ал танысы Е-нің ұйқысынан тұрмағанын пайдаланып, үй ішін тінтіп, ақша ұрлап, жәбірленуші С-ға 100 000 теңге мүліктік шығын келтірген. Аталған қылмыстық іс бойынша судья Д.Алиев журналист қойған сұрақтарына жауап берді.

Заңсыз аңшылықпен айналысқандарға сот үкімі шықты

18/01/2017

Қармақшы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен айыпталған Н. мен Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, азаматтар Н. мен Т. автокөлік құралын қолдану арқылы пайдалануға тиым салынған ақбөкен жануарын аулап, заңсыз аңшылық жасаған.

Сот отырысында сотталушылар Н. мен Т., кінәларін толық мойындап бұл әрекеттеріне өкінетіндерін, мемлекетке келген залалды өтегендерін және  жеңіл жаза қолдануды сұраған.

Отбасында жанжал шығарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

18/01/2017

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік сотында құқық бұзушы Е-ге  қатысты әкімшілік  іс  қаралды.

Құқық  бұзушы Е. Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті Жүнісбаев көшесіндегі  үйіне алкогольдік масаю күйінде келіп, өзінің әйелінің мазасын алып, отбасы жанжалын шығарған. Сөйтіп, құқық бұзушы Е. ішкі істер органының қорғау нұсқамасын бұзған.

Соттың  қаулысымен  құқық бұзушы Е. ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде ескерту жасалды.