Архив событий

06/01/2017

Облыстық соттың судьясы Ахметов Молдабек Меңлібайұлы Елбасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды

06/01/2017

Ұлттық мереке - Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылорда облыстық сотының судьясы Ахметов Молдабек Меңлібайұлы Президенттің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы №382 жарлығымен «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Облыстық сот судьясы Молдабек Ахметов жиырма бес жылға жуық Қызылорда облысының сот саласында абыроймен, адал қызмет атқарып келеді.

Сонымен қатар, ол 1996 - 2002 жылдары Сырдария аудандық сотының төрағасы, 2002 - 2007 жылдары Қызылорда қалалық сотының төрағасы, 2007 - 2010 жылдары Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы қызметтерін атқарған.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша берілген несиені өндіру жайлы талап арыз қанағаттандырылды

06/01/2017

Қармақшы аудандық сотында несие қарыз өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, жауапкер Т. мен «Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы» мемлекеттік мекемесі арасында «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес несие шарты жасалған.

Бірақ, жауапкер несие шартта көрсетілген міндеттемелерін уақытылы орындамаған және несие қарызын төлемеген, осыған орай, талап қоюшы талап арызбен сотқа жүгінген.

Соттың шешімімен талап қоюшы «Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» ММ жауапкер Т-дан қарыз өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

06/01/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 106-бабының 2 бөлігінің 7 тармағымен азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы А. өзінің танысы Қ-мен сөзге келіп қалып, өзара төбелесіп жатырған уақытта бұзақылық ниетпен, оның ішіне пышақ сұғып алып, жәбірленушінің өміріне қауіп төндіретіндей, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірген.

Сотталушының қылмыстық әрекеті, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Шиелі аудандық сотында брифинг өтті

06/01/2017

            Шиелі аудандық сотында аудандық «Шарайна» газетінің өкілінің қатысуымен азаматтық істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарау тақырыбында брифинг өтті.

Жоғарғы Сот жаңа сервисті іске қосты

06/01/2017

Сот ісін жүргізу жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу сот органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Жоғарғы Соттың ресми интернет-ресурсындағы «Сот істері жөніндегі анықтамалық» сервисі азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігін жеңілдетуді көздейді. Осы сервистің оң тәжірибесі пилоттық режимде «Жаңа сот актілерінің банкі» кеңейтілген сервисін әзірлеуге және іске қосуға негіз болды.

Кейіннен «Сот істері жөніндегі анықтамалық» сервисі «Сот кабинеті» сервисінің құрамына енгізіледі.

Дәрменсіздігіне байланысты банкрот деп танылды

06/01/2017

Арыз беруші «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесі «С» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне банкроттық рәсімін қозғап банкрот деп тану туралы арызбен сотқа жүгінген.

«С» ЖШС-нің Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 27.07.2016 жылғы салыстырмалы актісіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке берешегі – 38 486 698 теңге, оның ішінде бересі – 28 145 185 теңге, өсімпұл – 10 341 513 теңгені құраған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

06/01/2017

Жаңақорған аудандық сотында құқық бұзушы Т-ға қатысты іс қаралды.

Құқық бұзушы Т. Жаңақорған станциясы темір жол вокзалы ғимаратының жанында, яғни қоғамдық орында темекі шегіп, қалдығын сол жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, осы әрекеттерімен ұсақ құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Т. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.

Сот қаулысымен Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 21 210 теңге айыппұл салынды.

Өткен жыл қорытындысымен үздік атанғандар

06/01/2017

Жуырда Қызылорда облыстық сотында Жаңа жыл мерекесіне орай салтанатты жиын өткен болатын.

Шара барысында 2016 жылдың қорытындысы бойынша үздік жұмыс атқарып, ұйымдастырылған іс-шараларда белсенділік танытқан бірқатар судьялар мен сот қызметкерлеріне арнайы номинациялар табысталды.

Өзіндік өнерімен ерекшеленген, қазақтың қара домбырасы мен фемиданы ұштастыра білген Қызылорда қалалық сотының судьясы Жазираш Дербісәлиеваға «Өнерлі судья» номинациясы табысталды.

Отбасылық жанжал үшін жауапкершілік

06/01/2017

Арал аудандық сотында азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Н. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде, өз үйінде әйелімен айқайласып, оған балағат сөздер айтып, оның жанжалды доғар деген талабына құлақ аспаған.

Сотта жәбірленуші К. құқық бұзушымен татуласпағанын, заң жүзінде шара көруді сұрайтынын көрсеткен.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына сәйкес қылмыстық іс тоқтатылды

06/01/2017

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республики ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотталушы А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сырдария АІІБ-нің қызметкерлері жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шарасы барысында, «Шаған-Теренөзек» тас жолының бойында азамат А-ны тексеру барысында, оның үстіндегі қысқы күртешесінің ішкі төс қалтасынан целофан пакетіне салынған есірткі тәріздес өсімдік зат айғақ ретінде алынған.

Сараптама қорытындысына сәйкес, салмағы 73,08 грамм есірткі заты кептірілген марихуана болып танылған.